Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2026 » Июнь (страница 4)

Месячные архивы: Июнь 2026

Шымкентте мемлекеттік наградаларды қолдану тәртібі түсіндірілді

​Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысы төрағалығымен қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік наградалар мен рәміздердің заңды қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме отырысы өтті. ​Жиын барысында қолданыстағы заңнама талаптары, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланды. ​Негізгі талаптар мен шектеулер: ​Қоғамдық бірлестіктер тарапынан мемлекеттік наградаларға атауы немесе сыртқы келбеті бойынша толықтай немесе ...

Толығырақ »

Абай ауданында «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында Абай ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарына жауап беру және халықпен кері байланысты нығайту. Акция барысында аудан тұрғындары құқықтық сипаттағы өзекті мәселелер бойынша мамандардан кеңес алып, көтерген сұрақтарына қатысты жан-жақты түсіндірмелерге ие болды. Шара ...

Толығырақ »

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда Қала күніне дайындық, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы, сондай-ақ, қалалық инфрақұрылым нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындаудың аралық қорытындылары қаралды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев қалада аудан әкімдіктерімен және өзге де қызметтермен бірлесіп өрттің алдын алу бойынша кешенді алдын алу ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Тұран ауданы аумағында тұрғындармен кездесулер барысында көтерілген мәселелер бойынша берілген тапсырмалардың іске асырылу деңгейін зерделеу мақсатында жұмыс аралауы ұйымдастырылды. Аралау барысында Қалдаяқов көшесі №6, Интернациональная көшесі №8, Гагарин көшесі №143а көпқабатты тұрғын үйлерінің аулалары, Арғынбеков – Бәйтереков көшелері бойындағы сквер, Алтынжол көшесі қиылысындағы жаяу жүргіншілер аймағы және Денсаулық жолы аумағы қамтылды. Сонымен қатар Байтұрсынов көшесіндегі суғару жүйелерінің жай-күйі мен ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 101 ЖЫЛ

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен ел есінде қалған қазақтың қаһарман қызының биыл туғанына 101 жыл. Былтыр Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде кеңінен аталып өтті. Атап айтқанда, Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ...

Толығырақ »

FOOD CITY КӨТЕРМЕ САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласының сауда және логистика саласында маңызды жобалардың бірі – Food City көкөніс пен жеміс-жидекке арналған көтерме логистикалық сауда орталығы өз жұмысын бастады. Жаңа нысан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушыларды тікелей байланыстырып, өңірдегі азық-түлік саудасының жаңа кезеңіне жол ашпақ. Жалпы аумағы 5,2 гектарды алып жатқан орталықтың сауда алаңы 30 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда 300 сауда орны жұмыс істейді. ...

Толығырақ »

АЛТЫНТӨБЕ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТАҒЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы және тұрақты интернет желісімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл бағытта қалалық Цифрландыру басқармасы тарапынан бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінде қала аумағындағы 86 елдімекен мен шағынауданның 85-і кең жолақты интернет желісімен қамтылған. Соның арқасында тұрғындарға заманауи телекоммуникациялық қызметтерді пайдалану мүмкіндігі ұсынылып отыр. Кең жолақты интернет желісі тартылған елдімекендердің қатарын Алтынтөбе ...

Толығырақ »

ЖОЛ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРУДА: АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР БАРЫСЫ

Еңбекші ауданы аумағында кезекті аралау жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымдық нысандар мен көшелердің қазіргі жағдайы зерделенді. Атап айтқанда, Қамысты көшесінде бұрын орын алған кәріз жүйесіндегі ақаудың салдарынан бұзылған жол бөлігін қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда инженерлік желілер ретке келтіріліп, жол жабынын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Елтай тұрғын алабында аяқжол салу жұмыстары жүргізілуде. ...

Толығырақ »

ТҰРАНДА КӨТЕРІЛГЕН ҰСЫНЫСТАР НЕГІЗІНДЕ НАҚТЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Тұран ауданы аумағында тұрғындармен кездесулер барысында айтылған ұсыныстар мен өзекті мәселелер бойынша кезекті аралау өткізілді. Аралау барысында 112 шағынауданы, Ғ. Іляев көшесі, Ю. Гагарин көшесі, Жарқымбеков көшесі және Нұрпейісова көшесі қамтылды. Аралау кезінде кәріз жүйесін реттеу, сейсмикалық (жер сілкінісіне төзімділікті арттыру) нығайту жұмыстарын жүргізу, қоғамдық кеңістіктерді жайластыру, бейнебақылау камераларын орнату, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық көлік қызметін жақсарту және ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ СТАНДАРТҚА САЙ КЕЛЕДІ

Шымкент қаласындағы Керім Тленшин көшесінде теміржол үстінен өтетін маңызды көлік өткелінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жоба қаладағы көлік қозғалысын жақсартып, жол кептелісін азайтуға, Сайрам тұрғын алабы мен Түркістан облысы бағытындағы көлік ағымын жеңілдетуге бағытталған. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары теміржол өткеліндегі құрылыс жұмысы мен қолданылған материалдардың сапасына сараптама жүргізді. Бетон қоспасының үлгілері мен тірек ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мен тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қаладағы спорт саласының дамуы спорт ұйымдарының қызметі мен инфрақұрылым көрсеткіштерінен айқын көрінеді. Бүгінде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 35 спорт ұйымы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде спорттың 65 түрі дамытылып, жас спортшыларды даярлау мен тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту жұмыстары жүргізілуде. ...

Толығырақ »

КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Өткен аптада қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірқатар көшпелі кездесу өткізді. Ашық диалог барысында қала тұрғындары абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жайлы ортаны дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Бүгінде тұрғындар көтерген мәселелердің бірқатары шешімін тауып, қалғандары бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, Бәйдібек би даңғылы бойындағы жерасты өткелінің маңын абаттандыру жұмысы жедел атқарылды. Бұған дейін ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласында спорт және дене шынықтыру саласында атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген жетістіктер мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Биыл бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта 54 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар қаладағы 13 саябақ пен аллеяда спорт нұсқаушылары тұрғындарға күнделікті таңғы жаттығулар ұйымдастырып келеді. Қазіргі таңда қалада 35 спорт ұйымы жұмыс ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ БИЫЛ 1000-НАН АСТАМ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент спортшыларының 2026 жылдың алғашқы бес айындағы жетістіктері баяндалды. Жыл басынан бері қала спортшылары Қазақстан чемпионаттарында 1036 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 357 алтын, 334 күміс және 345 қола медаль бар. Сонымен қатар халықаралық ареналарда да шымкенттік спортшылар жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Азия чемпионаттарында 85 медаль иеленсе, әлем чемпионаттарында 17 жүлдені еншіледі. Халықаралық жарыстардағы жарқын ...

Толығырақ »

Система Mass Alert работает в Шымкенте

На площадке Региональной службы коммуникаций города Шымкента прошел брифинг с участием заместителя руководителя управления мобилизационной подготовки, территориальной и гражданской обороны Алиярхана Рустембаева, который рассказал о проделанной работе. По словам спикера, в направлении территориальной обороны в текущем году был проведён ряд командно-штабных и тактических учений; в частности, в феврале были организованы командно-штабные мобилизационные учения по действиям в условиях военного положения, а ...

Толығырақ »

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША АУДАНДА АРАЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы әкімі Ғ. Сыздықбековтің Тұран ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде берілген тапсырмаларды іске асыру және көтерілген мәселелердің орындалу барысын зерделеу мақсатында аудан әкімі кезекті аралау жұмыстарын жүргізді. Аралау барысында жауапты сала мамандарымен бірге Сарсенбаев және Қазиев көшелері қиылысындағы лоток пен асфальт жамылғысының жағдайы, Самал-1 шағынауданындағы жарықтандыру, скверді абаттандыру және аяқжол мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Темірлан тас жолы бойындағы тұрғын үй ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласында спорт және дене шынықтыру саласында атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген жетістіктер мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Биыл бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта 54 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар қаладағы 13 саябақ пен аллеяда спорт нұсқаушылары тұрғындарға күнделікті таңғы жаттығулар ұйымдастырып келеді. Қазіргі таңда қалада 35 спорт ұйымы жұмыс ...

Толығырақ »

ЕКІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТЫНДАҒЫ АВТОБУСТАР ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында жолаушылар көлігі саласындағы қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыс тұрақты жүргізіліп келеді. Қызмет сапасын жақсарту мақсатында №11 және 20 бағыттағы автобустар толығымен жаңартылды. Нәтижесінде бұл екі бағытқа жалпы саны 15 жаңа автобус жолға шығып, халыққа қызмет көрсете бастады. Айта кетейік, осы уақытқа дейін бұл бағыттарда 2019 жылы шығарылған «Ankai» маркалы автобустар қатынап келген болатын. 2026 жылы өткізілген ашық конкурстың ...

Толығырақ »

МҰЗ САРАЙЫН АУҚЫМДЫ ЖӨНДЕУ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласындағы Мұз сарайында ағымдағы жөндеу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда ғимараттың шатырын гидрооқшаулау және жылумен оқшаулау жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Алдағы кезеңде Мұз сарайының іші жаңартылады. Атап айтқанда, уақыт өте келе сапасы төмендеп, тегістігі бұзылған бетон жабындары толық ауыстырылып, заманауи талаптарға сай қайта төселеді. Сонымен қатар, инженерлік жүйелер жаңартылып, спортшылар мен келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасау көзделген. Бұдан ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ: ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шымкент қаласында тұрғындардың қатысуымен жүретін «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы бағытта әр ауданда тиісті жұмыс атқарылуда. Мысалы, Әл-Фараби ауданында жоспарға сәйкес 40 мекенжайда заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшаларын орнату көзделген. Оның ішінде 5 аулада тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау мақсатында кешенді ашық спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңшаларын салынады. Бұл нысандар заманауи талаптарға сай жабдықталып, қауіпсіздік ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шымкент қаласында азаматтық қорғаныс, сейсмоқауіпсіздік және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар баяндалды. Биылғы бес айдың өзінде қаладағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері мен ірі кәсіпорындарда 496 сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілген. Оған 148 мыңнан астам адам мен 2400-ге жуық техника тартылды. Сонымен қатар, әуежай, сауда ойын-сауық орталықтары, тұрғын үй кешендері, базарлар және теміржол ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС ДАЙЫНДЫҒЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Басқарма басшысының орынбасары Алиярхан Рустембаевтың мәліметінше, биыл аумақтық қорғаныс бағытында бірқатар ауқымды оқу-жаттығулар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, ақпан айында 50120 әскери бөлімінің қатысуымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өткізіліп, әскери жағдай енгізілген кездегі іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар, әскери міндеттілерді қабылдау, жұмылдыру техникасын жинақтау және ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ 30 СЕМЕЙ ОТПРАЗДНОВАЛИ НОВОСЕЛЬЕ

В Шымкенте ещё 30 семей стали обладателями собственного жилья. Ключи от новых квартир в торжественной обстановке вручил аким города. Глава мегаполиса поздравил горожан с важным событием и пожелал им благополучия и семейного уюта. Жильё предоставлено гражданам, состоящим в очереди на получение жилья и подтвердившим свою платёжеспособность в рамках льготных жилищных программ АО «Отбасы банк» — «2-10-20» и «5-10-20». Новосёлы получили ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі салтанатты түрде табыстап, тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтады, оларға амандық, береке және шаңырақтарына құт-береке тіледі. Баспана тұрғын үй кезегінде тұрған және «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары аясында төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға берілді. Қоныс иелері Ақжайық шағынауданындағы заманауи көп қабатты үйлерден пәтерлі болып отыр. Айта кетейік, пәтер иелерінің ...

Толығырақ »

КЕНЕ МЕН МАСАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС: ШЫМКЕНТТЕ МАУСЫМДЫҚ ӨҢДЕУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Шымкент қаласында тұрғындардың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және инфекциялық аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда қала аумағында масалар, кеміргіштер және шегірткелерге қарсы өңдеу науқаны жалғасып жатыр. Масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстар 30 наурызда басталған. Жоспарға сәйкес 14 саябақ, 38 өзен мен канал, сондай-ақ 49 гүлзар мен аллея кезең-кезеңімен өңделеді. Бүгінгі күнге дейін саябақтарда үш мәрте, ал ...

Толығырақ »