Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » Энергетика ардагерлерінің құрылтайы

Энергетика ардагерлерінің құрылтайы

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Мемлекеттің энергетика саласының көкейкесті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы энергетика ардагерлерінің форумы өтті. Алқа отырысына  ТМД елдерінің энергетиктері де қатысты.

Форум барысында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев еліміздегі жаңғырмалы энергия көздерінің қазіргі жағдайы және дамыту жолдары жөнінде баяндама жасады.

Оның айтуынша қазіргі таңда  елімізде экологиялық қауіпсіз электр энергиясын өндіруші  жаңғырмалы энергия көздерінің 50 нысаны бар. Жалпы қуаты 295,7 МВт, оның ішінде, шағын су электр станцияларының қуаты 139,8 МВт, жел электр станцияларының қуаты 98,2 МВт, күн электр станцияларының қуаты 57,3 МВт-ты құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша электр қуатына жалпы қажеттілік орташа есеппен сағатына 400 МВт құрайды. Оның 30 пайызы ішкі көздер есебінен алынса, 70 пайыздан астам бөлігі еліміздің солтүстік өңірлерінен тасымалданады.

Форумда энергетика саласына жетекшілік ететін бірыңғай ведомство құру төңірегінде әңгіме өрбіді. Себебі бұл қызметтер бөлек-бөлек, сондықтан аталған саланы тексерумен түрлі органдар айналысады. Бұл жұмыстар бір орталықтан жүргізілуі керек дейді аға буын өкілдері.

Алқа отырысы соңында бірқатар ардагерлер Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Құрмет грамотасы»,  Алғыс хаттарымен марапатталды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу