Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «ЖАЛЫННЫҢ» ЖАЛЫНДАҒАН ЖАЗБАГЕРЛЕРІ

«ЖАЛЫННЫҢ» ЖАЛЫНДАҒАН ЖАЗБАГЕРЛЕРІ

Еліміздің барлық аймағына тарайтын «Жалын»  журналы 1969 жылдан бері шығып келе жатқан байырғы басылымның бірі. Отанымызды сүюге, елімізге қызмет етуге, дәстүрімізді сақтауға, тарихымызды бағалауға үндеп келе жатқан басылым оқырмандарға ой салып, саналы, парасатты, елін, халқын сүйетін ұрпақ қалыптасуына елеулі үлес қосып жүргені баршамызға аян.

Елімізге танымал көптеген ақын-жазушыларымыз бен қоғам қайраткерлеріміздің алғашқы туындылары мен олар туралы очерктер алғаш рет осы журналда жарияланғандықтан көпшілік қауым елге есімі әйгілі азаматтарды әрдайым ардақ тұтады. Әрине, кімге де болсын «Жалын» журналына жариялану – үлкен мәртебе.

Алашымыздың ақиық ақыны Мұхтар Шаханов басшылық ететін «Жалын» журналы жыл сайын проза мен публицистика тақырыбына арналған Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлығын тағайындап, оның лауреаттарын атайды. Осы орайда, шуағын шашқан Оңтүстігімізге сүйінші хабар күтпеген жерден жетіп қалды. «Жалын» журналы тағайындаған 2016 жылғы Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаттарының арасында Шымкенттегі Отырар кітапханасының директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекова да бар екен. Қаламгердің мәртебесін биіктетіп отырған басылымның былтырғы алғашқы санында жарық көрген «Анаға тағзым» атты хикаяты.

Бұл – бәріміз үшін үлкен мәртебе! Сыйлығыңыз құтты болсын, Күлия Смайылханқызы!

Өз тілшімізден

Пікір жазу