Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖАТТЫҒУ ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

ЖАТТЫҒУ ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

«GOLDALUMINIUM&PLASTICCO.KAZAKHSTAN» ЖШС алюминий зауытында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Жаттығудың мақсаты Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөліністері жеке құрамының өндірістік нысандарда өртті сөндіру бойынша тәжірибелік дағдыларын пысықтау болып табылады.


Алюминий профильдерін әзірлейтін бұл кәсіпорын Индустрияландыру картасының аясында 2014 жылы іске қосылған. Қазіргі кезде бұл жерде тұрақты түрде 50-ге жуық адам еңбек етеді.
Өрт-тактикалық жаттығудың тактикалық тұрғысына сәйкес, алюмин балқытатын пештің техникалық ақауының нәтижесінде өрт орын алды. Өрттің көрші тұрған қоймаға таралу қауіпі туындады. Кәсіпорынның қызметкерлері «101» қызметіне хабарлайды. Өрт-тактикалық жаттығу орнына күштер мен құралдар гарнизонның шығу кестесіне сәйкес жіберілді. Шартты өрт орнына келу барысында өрт сөндіру штабы құрылып, 380 Вт құрайтын электр желісі обектінің электриктері тарапынан өшірілді. Көрші қоймаларға өрттің таралуына жол берілмей, шартты өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді.


Оқу-жаттығу жиынына Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 12 негізгі өрт сөндіру техникасы, офицерлік құрамнан 56 адам және жеке құрамнан 120 адам, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің, жол-патрульдік қызметінің, жедел-құтқару жасағының, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, сонымен қатар, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.
Жаттығу барысында тактикалық ойы мақсатқа жеткізілді, шартты өртті сөндіруге қатысқан бөліністердің іс-әрекеті тиісті деңгейде ұйымдастырылды.
Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және
сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу