Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР ІРІКТЕЛДІ

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР ІРІКТЕЛДІ

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі №896 «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы Жарлығына және Түркістан облысы әкімдігінің 13 сәуірдегі №93 «Түркістан облысының әскери міндеттілерін арнаулы жиындарға шақыру туралы» Қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес есепте тұрған және денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары арнайы шақырылды, деп жазады Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

ҚР Президентінің Жарлығы жарияланғаннан бастап, ел тағдыры сынға түсіп, қатерлі індет қауіп төндіріп тұрғанда азаматтар өз еріктерімен Ордабасы А ҚІЖБ-не жүзден аса еріктілер Отан алдындағы парыздарын өтеуге қашан да дайын екендерін білдірді. Өз еркімен өтініш білдірген әскери міндеттілердің арасынан 12 ерікті іріктеліп, арнайы тапсырмаларды орындап, залалсыздандыру жұмыстарына тартылды. Арнайы жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны, атқарған лауазымы сондай-ақ жалақылары сақталады. Егер де жұмыс істемеген болса, онда жалақының ең төменгі мөлшері төленетін болады.


2020 жылдың 20 сәуір күні Ордабасы ауданының ҚІЖБ бастығы подполковник Е.Мұратбек және жұмылдыру бөлімше бастығы-бөлім бастығының орынбасары К.Бимырзаев іріктелген азаматтарға жиынның басты мақсаты-халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау екенін айтып, арнайы әскери киімдерімен, арнайы дезинфекциялауға арналған киімдер және екі сағат сайын ауыстыратын бет перделермен қолқаптары берілді. Сондай-ақ ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Еліміздің басына ғана емес, дүние жүзіне қатер төндірген індеттің алдын-алу үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Осындай сын-сағатында ел басына төнген қиындықтар ер-азаматтардың мықтылығын сынға салары анық.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу