Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысында жаңбырлатып суару жүйесі іске қосылды. Жаңа өндірістік кәсіпорын Ауыл шаруашылығы дақылдарын ирригациялық жүйелерді қолдана отырып өсіруге арналған, деп жазады Түркістан облысының АӨК сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .

Түркістан облысы үшін басым бағыттардың бірі – облыс орталығын толық көлемде және тиісті сапада азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты Түркістанды азық-түлікпен қамтамасыз етуге ықпал ететін бірқатар ірі жобаларды қамтитын қала айналасында азық-түлік белдеуін құру туралы шешім қабылданды.

Мәселен, өткен жылдың ортасынан бастап «Түркістан» ӘКК» АҚ «Ақ Жол» ЖШС-мен бірлесіп жаңбырлатып суару жүйесін қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін машина-трактор станциясын құру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруда.

«Түркістан Агро XXI» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құру жолымен Шаға ауылдық округінің жерінде жалпы көлемі 1 030 га ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және қызмет көрсету жоспарлануда, оның 733 га — ирригациялық жүйелерді қолдана отырып өңдеу.

Бүгінгі күні жаңбырлатқыш машиналардың 18 бірлігі орнатылды, су тарату желілерін және жаңбырлатқыш машиналарға сорғы станцияларын орнату бойынша жұмыстар толық аяқталды. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруы арқасында сатып алынған 23 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы келді.

Сонымен қатар, 200 гектар жерге — күздік бидай, ал 396 га жерге жоңышқа егілді, сондай-ақ, жүгері дәнін және сүрлем егуге арналған жер дайындалуда.

Осы инвестициялық жобаны іске асыру ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ, Түркістан қаласының кәсіпорындарын қажетті жем-шөп базасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Жоба шеңберінде Түркістан облысының АӨК субъектілеріне арналған оқыту іс-шаралары, алынған нәтижелерді тәжірибелік көрсету, егіс күндері және жаңбырлатып суару жүйесін пайдалана отырып қолданылатын заманауи агротехнологияларды кеңінен таратуға бағытталған басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу