Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

16 наурыз күні Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың шешімімен жарияланған төтенше жағдай режимі бүгін, яғни 11 мамырдан бастап күшін жойды. Алайда, бұл баяғы, баз қалпы өмірімізге толықтай қайта ораламыз деген сөз емес. Себебі, төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимі сақталады. Яғни, барлық шектеулер бір сәтте алынады деуге ерте.

4 мамырдан бастап біршама карантин шарттары алынып, саяжайға бару, есік алды балалар ойын алаңшаларын ашу сынды тармақтарға рұқсат етілген еді. Оның барлығы да уақыт шектеуімен және «Amazing Turkistan» қосымшасында тіркелу арқылы іске асып келеді.



Ендігі, мамырдың 18 жұлдызынан бастап сақтық шараларын орындай келе, шектеулі режимде қоғамдық көліктер де жұмысына қайта кіріседі. Яғни, әр автобуста күніне екі рет залалсыздандыру жұмыстарын іске асыра, басқа да сақтық талаптары орындалуы шарт. Қатынау уақыты: таңғы 07:00ден 10:00ге, кешкісін 18:00ден 21:00ге дейін.

Бұған қоса, қаламыздың балабақшаларында жұмыс істейтін ата-аналардың балаларын қабылдайтын арнайы топтар құрыла бастайды.



Мектеп түлектері құжаттарын алып, «соңғы қоңырау» іс-шарасын 3-4 маусым күндері өткізетін болып бекітілді.

42500 теңгелік төлем бойынша өтінімдерді қабылдау бүгіннен бастап тоқталды. Яғни, бүгінге дейін өтінім жіберген болсаңыз тексеріс барысынан өтіп, расталған жағдайда шотыңызға 42500 теңге аударылады.

Ерекше айтып өтуім қажет. Мешіттердің ашылуына әзірге рұқсат берілмеді.

#birgemiz
#ХалықтықӘкімдік.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу