Жетісай ауданының шаруа қожалықтары жылыжайдан үшінші рет өнім алу жұмыстарын бастап кетті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz .
Жетісай ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан бойынша 21 гектар аумаққа жылыжай салынған. Бұның 15 гектары жергілікті нарыққа бақша дақылдарын өсіріп отырса, қалған 6 гектары шаруаларға дайын көшет өндіріп береді.
Сондай жылы жайдың бірі Асықата кентінде орналасқан тамшылатып суғару әдісімен жұмыс жасайтын «КХ ДОСЖАН» шаруа қожалығы. Бүгінгі таңға дейін 2 гектар аумаққа орналасқан жылы жайдан екінші өнімінен 12 тонна қияр, 20 тонна қызынақ, және 25 тонна баклажан секілді бақша дақылдарын жинап алған. Өнімдердің барлығы жергілікті сауда орындарында көтерме бағамен сатылып келеді. Былтыр аудан бойынша 15 гектар жылы жайдан 600 тонна өнім алынған.
Қосымша айта кететін болсақ, аталмыш жылыжайдан алғашқы өнім ретінде 80 тонна қызынақ жинап алынған. «Енді 2 апта көлемінде барлығын сатып бітіріп, үшінші өнім алу үшін жұмыстарды бастаймыз», – дейді шаруашылық төрағасы Дүйсенхан Утанов.
© DIDARBEK.kz