Алғашқы қоңырау күні Оңтүстік Қазақстан облысында 20 жаңа мектеп алғаш рет оқушыларды қабылдайды.
Таңғы сағат 09:00-де Шымкент қаласындағы «Сәуле» шағын ауданындағы 1200 орындық жалпы орта мектептің ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қатысады.
Шымкент қаласындағы «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы 1200 орындық жалпы орта мектептің ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Рахымұлы Балабиев қатысады. Бұл мектепте де алғашқы қоңырау таңғы сағат 09:00-де соғады.
Дәл осы уақытта Шымкент қаласындағы «Достық» шағын ауданындағы 1200 орындық жалпы орта мектептің ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды қатысады.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков Шымкент қаласы, Жаңаталап елді мекенінде ашылатын 600 орындық жалпы орта мектептің алғашқы қоңырауына қатысып қайтады. Басталу уақыты – таңғы сағат 09:00-де.
Дәл осындай 600 орындық №59 жалпы орта мектебіне таңғы сағат 09:00-де облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы Садыр барады.
Жаңадан пайдалануға берілетін оқу орындарының алтауы Шымкентте, біреуі – Төлеби, үшеуі – Сайрам, төртеуі – Қазығұрт, тағы біреуі – Бәйдібек, үшеуі – Сарыағаш және екеуі – Мақтарал аудандарында пайдалануға беріледі. Облыс аудандарындағы мектептердің ашылу салтанатына облыстық басқарма басшылары қатысады.