Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСУ ЖАЛҒАСУДА

ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСУ ЖАЛҒАСУДА


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов 9 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Өзбекстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы ұйымдастырған халықаралық конференцияға қатысты.

Өз cөзінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-қимыл жасау үшін ашықтықты, мемлекеттік аппараттың есептілігін және қоғамдық қатысуды арттыру қажеттігін атап өтті.

Олжас Бектенов мемлекеттік қызмет сапасын арттыруда және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты төмендетуде цифрлық шешімдерді тиімді қолданудың бірқатар мысалдарын келтірді.

Бірқатар мемлекеттік қызметтерді, лицензиялауды, сот ісін жүргізуді, кедендік және салықтық әкімшілендіруді «электрондық жолға» ауыстыру маңызды қадам болды.

Әлеуметтік қызмет көрсету барысында жемқорлық көріністерін азайту тұрғысында аттас портал, «Дамумед» мобильдік қосымшасы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындаумен байланысты үдерістерді цифрландыру атап өтілді.

Жемқорлықтың алдын алудың тағы бір маңызды аспектісі – қоғамдық қатысу мен бақылау құралдарын кеңейту.

Бұл бағытта «Адалдық алаңы» және «Ашық бюджет» жобаларының, арнайы мониторингтік топтардың, қоғамдық бақылаудың интерактивті картасының тәжірибесі табысты.

Конференцияға қатысушылар қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның тұсаукесеріне оң баға берді.

Пікір жазу