Түркістан облысы Созақ ауданында күн сәулесінен қуат алатын алпыс сегіз құрылғы орнатылды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Созақ ауданында былтыр мемлекеттік «Инвест» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласын дамытып, шалғайдағы малшыларға қолдау көрсету мақсатында 585 млн. теңгеге 43 артезиан құдығы қазылған. Жайылымдарды суландыру мақсатында орнатылған құдықтарға 320 млн. теңгеден астам субсидия берілген. Одан бөлек, 68 шаруа қожалығына күннен қуат алатын қондырғы орнатылып берілген. Мемлекет тарапынан бұл мақсатта 164 млн. теңгеден астам субсидия төленді.
Жалпы аудан аумағында 800-ден астам агроқұрылым бар. Ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамыту негізгі мақсаттардың бірі. Мәселен, 2018-2020 жылдары мал шаруашылығына арналған жалпыалпыс екі артезиан құдықтары орнатылған. Биыл да шалғайдағы мал шаруашылығымен айналысатын қырық шаруашылыққа құдық қазылып, агроқұрылымдарға күн сәулесі арқылы жарықтандыру қондырғылары орнатылады. Өңірде шаруаларды қолдап, субцидиялауға бағытталған «Инвест» мемлекеттік бағдарламасына деген қызығушылық артуда.
@DIDARBEK.KZ