Шымкент қаласында белсенді жастардың кездесу жиыны өтті. Жиынның негізгі тақырыбы жақында Елбасына ұсынылған латын әліпбиінің үлгісі. Латын әліпбиінің жаңа жобасына қатысты қазір жастар арасында да қызу талқылау жүріп жатыр.
«Ақиқат» жастар пікір сайыс орталығының төрағасы Жұман Жансерік: «Латын қаріптерімен жазуды қолға алдым, күнделікті дәрістерін Ақордада ұсынылған үлгіде жазып жүрмін. Соңғы нұсқадағы төл таңбаларымызды апострофтармен жазу ыңғайлы деп есептеймін. Және «бір әріп – бір дыбыс » принципінің сақталғанын қолдаймын».
Қазақстан жастар Конгресінің» ОҚО өкілі Айгуль Ерғалиқызының пікірінше, алдыңғы жобаға қарағанда, соңғы нұсқасы әлдеқайда тиімді екенін жеткізуде. Өйткені, ол оқығанға да, жазғанға да ыңғайлы. Әрі қолданысқа енгізуде көп уақытты қажет етпейтінін атап айтты. Бұл ретте ол уақыттың тиімділігін де ескеру керек екенін алға тартады.
Ал, облыстық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкері Таңшолпан Тілеуқабылқызы ең алдымен жастарға ыңғайлы нұсқасын таңдау керектігін жөн санайды. Ғылым мен білімге ден қойған жастарды да назардан тыс қардырмау керектігін ескерген ол, алдыңғы нұсқасында түсініксіздіктер болығанын айтып өтті. «Меніңше, соңғы нұсқасы дұрыс. Өйткені, оны кейбіріміз күнделікті хабарламалаларда да қолданып жүрміз», – дейді Таңшолпан Тілеуқабылқызы.