Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » КӘСІПОДАҚТАР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

КӘСІПОДАҚТАР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ОҚО кәсіподақтар орталығы латын әліпбиіне қатысты кездесу өткізді.

Елорданың төріндегі таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісіне пікір айтып қолдап жатқандар көп. Осы орайда Шымкент қаласында ОҚО кәсіподақтар орталығында Ғани Қарабековтің модараторлығымен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар елдің басты қазынасы болған ана тіліміздің латын қаріпіне көшуіне қатысты ойымен бөлісіп, қолдау білдірді. Сонымен қатар, Оңтүстіктегі Үйлестіруші кеңестің төрағасы елімізді өркениетті 30 елдің көшіне ілестіруде белсенді болуға шақырды.

ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғани ҚАРАБЕКОВ:

– Әлемдегі барлық ғылыми-техникалық жетістіктер латын әріпінде жазылып, таратылады. Бұл әдеттен бізде шет қалмауымыз керек! Латын алфавитіне өту – жаһандық даму үдерісінен қалып қоймаудың бірден бір жолы. Осы мақсатта қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының құрамына кіретін Оңтүстік кәсіподақтар қозғалысы өз жиындары мен мерекелік іс-шараларында бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарау және латын алфавитіне өтуде білім саласының қызметкерлері бастамшылық таныту керектігі қарқынды түрде насихатталуда. Озық тілді өз мүмкіндігімізді арттыруға пайдаланып, елімізді өркениетті 30 елдің көшіне ілестіруде белсенді болайық!

Өз тілшімізден

Пікір жазу