Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ЕРКІН ҚЫДЫР

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ЕРКІН ҚЫДЫР

Сақа тілші ретінде Еркін Қыдыр газетте мол тәжірибе жинап, еліміздегі беделді газетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тілшісі болып, аймақ тынысын айшықтады. Қаламы қарымды журналист 1999 жылы Президент сыйлығын иеленді, 2010 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.

Еркін Сағындықұлы 1962 жылдың 1 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. 1979 жылы Шәуілдір орта мектебін бітірген. 1984 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін – журналистика, 2007 жылы Қазақ жол қатынастары университетін экономика және басқару мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент қаласындағы қорғасын зауытында слесарь болып бастады. 1985-1990 жылдары сол кездегі Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде тілші болып қызмет атқарды.

1990-1996 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болды. 1996-2006 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының бірінші орынбасары, 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары тәртіптік кеңестің мүшесі, 2007-2008 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының директоры және 2008 жылдан 2009 жылдың 7 мамырына дейін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының вице-президенті болып қызмет етті. 2009 жылдың 7 мамырынан бүгінге дейін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (вице-президент) қызметін абыроймен атқарып келді. Бұл еңбектері лайықты бағаланып, 1999 жылы журналистика саласы бойынша Президент сыйлығының лауреаты, 2010 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Еркін Қыдырдың қаламынан туған шығармалар «Ұсақтама, Үкімет» (2001 ж.), «Отырар» (2009 ж.) кітаптары болып жарыққа шықты.

Шымкент

Пікір жазу