Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » БАЙЛАНЫСТЫҢ ҚАНАТ ЖАЙҒАН ҚҰРАЛЫ

БАЙЛАНЫСТЫҢ ҚАНАТ ЖАЙҒАН ҚҰРАЛЫ

ОҚО үкіметтік емес ұйымдары жаңа латын әліпбиінің нұсқасына қатысты ойын білдірді.

ОҚО «Азаматтық альянсы» ассоциациясының ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиінің жаңа үлгісін талқылады. Кездесуге «Оңтүстік Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» мүшелері қатысты.

ОҚО 45 қоғамдық бірлестік пен 28 бизнес құрылымдардың басын біріктіретін «Оңтүстік Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі де латын әліпбиінің жаңа үлгісіне қатысты ой қосты. Аталған ұйымның аймақтағы басшысы өзіндік пікірімен бөлісті.

«Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дана МАМАНОВА:

– Бүгінгі таңда Тәуелсіз мемлекетіміз өсіп-өркендеп, білім саласы дамып келеді. Сондықтан осындай кезеңде латын әліпбиіне көшсек, қиындық туындамайды деп ойлаймын. Себебі, бүгінде бастауыш класстарда өзінде оқитын балаларымыз ағылшынша үйреніп жатыр. Көптеген жастарымыз шет тілдерін меңгеріп, шетелдерде білім алуда. Сондықтан латын әліпбиіне көшуден қорқудың еш негізі жоқ деп санаймын. Бұл қадамға бару келешек үшін маңызды екеніне сенемін. Латын әліпбиінің болашағы зор болатынына еш күмәнім жоқ.

Айта кетсек, Ақорданың төрінде таныстырылған латын қаріпін Оңтүстіктің ұстаздарынан бастап зиялы қауым өкілдері оң бағасын беруде.

Өз тілшімізден

Пікір жазу