Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ – 02

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ – 02

Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы және Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына дайындық бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәбит Исабай баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1127 іс-шара өткізіліп, оған 720 мыңға жуық адам қатысқан. Мәселен «Туған жер» бағыты аясында 66 жоба, 121 іс-шара жүзеге асырылуда.

Екінші мәселе – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында бекітілген тұжырымдамаға сәйкес облыстың іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленген. Жиын барысында барлық аудан, қалаларға өз іс-шаралар жоспарын әзірлеу жүктелді. Аталған іс-шара үш кезеңнен тұруы қажет. Бірінші дайындық кезеңі – 2017 жылғы 10 желтоқсанға дейін, екінші дайындық кезеңі – 2017 жылғы 10 желтоқсаннан басталып, 2018 жылдың 6 шілдесіне дейін белгіленіп отыр. Үшінші кезең – 2018 жылғы 6 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі аралықты құрайды.

Жиынды қорытқан облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасында нақтылаған 6 бағыт бойынша барлық аудан, қалаларға кураторлар бекітілгенін мәлім етті. Сондай-ақ ол жиналғандарды бағдарламаның дер кезінде іске асуына күш салуға шақырды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу