Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Ағымдағы жылы Қазығұрт аудандық прокуратурасымен қоғамдық мүддені қорғау саласында жергілікті атқарушы, полиция және арнайы органдарының назары қоғамдық-экономикалық және саяси өзекті мәселелерге бағытталып, нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою бағытында 41 тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік бюджетке 23,8 млн. теңге өндіріліп, 99,3 млн теңгеге мүлік қайтарылды және 9149 бала мен 30 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, 1 нормативтік актінің күші жойылды.
Атап айтқанда, Қазығұрт ауданындағы  77 балабақшада тамақтандыруды ұйымдастыру барысында ас мәзірі бойынша бекітілген санитариялық нормалары бұзылғаны анықталып, талаптарға сәйкестендіріліп, 9010 баланың құқықтары қорғалды.
Сонымен бірге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 96 баланың мемлекетпен кепілдерілген күтіп-бағуға арналған жәрдемақы төленбегендігі анықталып, оларды күтіп-бағуына арналған жәрдемақы есебінде 2,71 млн. теңге өндіріліп, құқықтары қорғалды.
Кәсіпкерлік саласын реттейтін аудан әкiмдiгiнiң 2020-жылғы «Қазығұрт ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды бекіту туралы» қаулысы заңнамалық актілерді бұза отыра қабылданғаны және соның салдарынан 30 кәсіпкер ӘҚБтК-нің 204-бабымен заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталып, енгізілген ден қою актілерді қарау нәтижесімен кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулылар бұзылды.
Сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету саласында қатысуы міндетті 55 әкімшілік істер сотта қаралып, оның 4 прокурордың араласуымен өзгертіліп заңдастырылды, атқарушылық өндіріс бойынша 2 қадағалау актісі енгізіліп, 5 тұлға жауапқа тартылды.
Ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша аудан аумағында криминогендік жағдай -9,5% төмендеген, оның ішінде қылмыстық теріс қылықтар -28,3%, қылмыстар – 11,8%, аса ауыр санаттағы түрлері -100%-ға, ауыр -13,3%, ауырлығы орташа -3,3%, онша ауыр емес –9,1% азайған.
Бұл маңызды бағытта құқық қорғау, арнайы және жергілікті атқарушы органдармен бірге профилактикалық шаралар жүйелі түрде мекемеаралық мәжілісте қаралып, жоспар бойынша атқарылуда.
Осы және осыған ұқсас шаралар есептік кезеңде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 33,3%, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар 66,7%, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 50% санатының төмендеуіне ықпалын тигізді.
Сондай-ақ, былтырдан бері халықпен кездесу тәжірибесі өз жалғасын табуда.
Ағымдағы жылдың. ақпан айында Тұрбат ауыл округінде халықпен кездесу өткізіліп, алаяқтық, қаржылық пирамида қылмыстарының алдын-алу жөнінде баса айтылды. Нәтижесінде күдікті М.Х.-ға қатысты қосымша 16 дерек анықталып, соңғыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, алаяқтарға және қаржылық пирамида фактілеріне алданып қалмау жөнінде аудан орталығының халық көп жиналатын жерлерінде баннерлер ілініп, жергілікті Қазығұрт тынысы газетіне және аудан әкімшілігінің бақылауындағы интернет сайттарында осы санаттағы қылмыстардың алдын-алу жөнінде үндеу хаттары жарияланды.
Соңғы, концептуалды өзгерістердің бірі қылмыстық процесті жүргізудің жаңа үш буынды моделі, ол екі жылдан бері қолдануда. Оның бірінші буыны – тергеу органдары, екіншісі – прокуратура, үшіншісі – сот.
Жаңа модель олардың өкілеттіктерін нақты ажыратып берді. Тергеу органы қылмысты ашады, дәлелдемелер жинайды. Прокуратура атқарылған жұмысқа баға береді, қылмыстық істі сотқа жолдау немесе қайта тергеуге жолдау мәселесін қарайды. Ал сот сол дәлелдемелерге баға бере отырып, үкім шығарады.
Қазір қылмыстық процестегі негізгі шешімдер прокурордың келісімінен кейін ғана заңды күшіне енеді. Яғни істердегі шешімдер қабылданудан бұрын прокурордың сүзгісінен өтіп, негізсіз деп танылғандары келісілмей, тергеушіге кері қайтарылады.
Бүгінге модернизация шеңберінде 122 шешім келісілді және электронды форматта 102 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілді.
Өкінішке орай, полиция органында қылмыстарды есептен жасыру деректері әлі де болса орын алуда. Жылдың басынан бері 3 (1-уі – кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты, 2-уі ауыр санаттағы мал ұрлығы) есептен жасырылған қылмыс анықталып, оның 1-уі сотқа жолданып, қалғандары бойынша тергеп –тексеру жүргізілуде.
Қылмысты жасырған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, ол бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органымен тергеп-тексеру жүргізілуде.
Тергеп-тексеру саласында анықталған заңбұзушылықты жою туралы 3 қадағалау актісі енгізіліп, 5 кінәлі полиция қызметкері жауапқа тартылды.
Қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету және үкімдердің орындалуын қадағалау саласында 2022-жылдың 5 айында сотпен 28 адамға қатысты 24 қылмыстық істер қаралды. Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қатысты қадағалау күшейтілуде, анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін 2 қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесімен 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қ.БАЗАРБАЕВ
Қазығұрт ауданының прокуроры.

 

 

Пікір жазу