Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨП

ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨП

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали оңтүстік өңірлерден халықты қоныстандыру жұмыстары бойынша баспасөз мәслихатын өткізіп, Түркістан облысынан келген ақпараттық топ мүшелеріне баспасөз мәслихатын өткізді.
Ринат Зәкиұлы Қостанай облысы бойынша 2017 жылдан бастап қоныстандыру жұмыстары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында, ал 2022 жылдан бастап «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
2017 жылдан бері бүгінгі күнге дейін Түркістан облысынан 348 отбасы, яғни 1093 адам қоныстандырылған.
Олар облыстың барлық 20 ауданы мен қаласына қоныстанды, атап айтсақ, Қостанай қаласында 192 адам (17%), Сарыкөл ауданында 141 адам (13%), Рудныйда 119 адам (11%), Әулиекөл ауданында 94 адам және т.б.
Возможно, это изображение 4 человека и отдел новостей
Мамандығы бойынша келгендердің арасында медицина қызметкерлері (дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер), мұғалімдер, тәрбиешілер, мәдени ұйымдастырушылар, тракторшылар, аспаздардың көмекшілері, жүргізушілер, есепшілер, газ-электр дәнекерлеушілері, экономистер, тігіншілер және т.б.
Қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларға бір адамға және әрбір отбасы мүшесіне 70 АЕК (241 500 теңге) мөлшерінде қоныс аударуға материалдық көмек көрсету, сондай-ақ тұрғын үйді жалдауға (жалға алуға) және тұрғын үйді төлеуге жұмсалған шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Коммуналдық қызметтер – ай сайын 12 айға (қалаға көшкендерге 20-дан 30 АЕК-ке дейін (69 000 – 103 500 теңге) және ауылдық жерлерге көшіп келгендерге 15-21 АЕК мөлшерінде (51 750 – 72 450 теңге) отбасындағы адам санына байланысты) төленетін болады.
Биылдан бастап тұрғын үй сатып алу, салу үшін ақшалай төлем немесе ипотекалық тұрғын үй бойынша бастапқы жарна түрінде қаржылық көмек көрсетіледі.
Бір отбасына тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1160 АЕК-тен аспайтын анықтама беріледі.
Биыл облыс бойынша квотаға Түркістан облысынан 151 адам енгізілген. Барлығына қоныс аудару және жалға алу үшін қаржылай көмек көрсетілді. Биылғы жылы 15 отбасы (60 адам) экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша баспана сатып алды.
Возможно, это изображение 11 человек и текст
Көшіп-қонушылардың тұрмыстық жағдайы жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында. Егер де мәселелер туындаса, оларды анықтау және ошешу жолдарын қарастыру мақсатында қоныс аударғандардың отбасыларымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу