Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АЙБЫНДЫ ЖАСТАР ЕЛ ҚОРҒАНЫ

АЙБЫНДЫ ЖАСТАР ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Тәуелсіз елімізге тірек болу, оның шекарасы мен тыныштығын кірпік қақпай күзету елжанды әрбір азаматтың қастерлі де қасиетті борышы. Сондықтан әр азамат Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеуге асығып, әскер қатарында болуды қалайды.
Осыған орай бүгін ауданымызда жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге баулу, айбынды қазақ әскерін жастарға үлгі ету мақсатында әскерге аттанғалы тұрған отырарлық жас сарбаздарды салтанатты жағдайда шығарып салу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, сарбаздарға ақ жол тіледі.
Ол өз сөзінде: «Кез келген мемлекет үшін елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы басты орында. Сондықтан да тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылып, мемлекетіміздің шекарасы белгіленіп, әскеріміз жасақталды. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері әлемдік стандарттарға сай, ең мықты және заманауи үлгідегі әскери құрылғылармен жабдықталған. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Тәуелсіз елімізге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Сіздерге бүгін Отан алдындағы борыштарыңызды өтеуде сәттілік тілей отырып, еліміздің еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін»,-деді.
Возможно, это изображение 10 человек и текст
Мұнан соң аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Мұхтар Әуезұлы баяндама жасап, әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеу Қазақтан Республикасының әрбір азаматының парызы екенін атап өтті.
Сондай-ақ жиында «Мұрагер» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Талап Масанов пен ауданның бас имамы міндетін атқарушы Бақыт Әбусейіт әскер қатарында болып елді қорғау абыройлы іс екенін айтып, сарбаздарды Отан алдындағы антына адал болуға шақырды.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Шара барысында жас сарбаздар әскери қаруды шашып, қайта құрастыру бойынша оқу-жаттығу өткізіп, шапшаңдық пен ептіліктің үлгісін көрсетті. Одан әрі аудан өнерпаздарының орындауларындағы патриоттық әндер Отан қорғаушылардың рухын көтеріп, жастарға жігер сыйлады.
Жиын соңында жас сарбаздар сапқа тұрып ел тыныштығын күзетуге аттанып кетті.

Пікір жазу