Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЕСКЕРТКІШТЕР МАҢЫ ТАЗАЛАНДЫ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЕСКЕРТКІШТЕР МАҢЫ ТАЗАЛАНДЫ

Бүгін «Киелі мекен» апталығы аясында өтіп жатқан #TazaShym жалпықалалық іс-шарасы Еңбекші ауданындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан Тұрар Рысқұлов гүлзарында жалғасты. Іс-шараға Еңбекші ауданы әкімдігі, «Группа Интеко» мекемесі, қала тұрғындары атсалысты. Тазалық акциясы аясында гүлзар аумағы, оның айналасындағы ескерткіштер, аялдамалар көшелер мен өткелдер күл-қоқыстан тазартылып, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, түптерін әктеу, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, шамдарды тазалау жұмыстары атқарылды.
– Айнала көгеріп жатқанда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған іс өте орынды. Шараға біздің аудан да белсене атсалысып, өзіміздің аудан бойынша әрбір аймақ жоспармен тазартылып жатыр. Әрбір елін-жерін сүйетін ұлтжанды азамат қоршаған ортаға деген қамқорлығын осы тазалық акциясына атсалысу арқылы көрсете алады.

Елімізде осындай пайдалы, игі шаралар артқаны тазалықты ғана емес, қаламызға деген сүйіспеншілікті де дәріптейді, – деді Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы.
Бүгінгі шараға жалпы 500- ге жуық адам атсалысып, аталған аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

© Didarbek.kz

Пікір жазу