Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫННЫҢ ЖОҒАЛҒАН ҚОЙЛАРЫН ТАУЫП БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫННЫҢ ЖОҒАЛҒАН ҚОЙЛАРЫН ТАУЫП БЕРДІ

Қала тұрғыны жоғалған қойларын қайтаруға көмектескен учаскелік полиция инспекторларының жедел және сапалы жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, күндізгі уақытта есік алдына жайылып жүрген 6 бас ұсақ малы жоғалғанын жеткізді.
Хабарламаны алған сәтте оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары шықты. Тәртіп сақшылары бірден іздеуге кірісіп, жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды қарап шықты.
Жүйелі жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер, 3 сағат ішінде жайылымнан 3 шақырым қашықтықтан, яғни көрші ауыл маңындағы даладан жоғалған қойларды тапты. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында табылған ұсақ малдар қала тұрғынына қайтарылды.
▫️Өз кезегінде тұрғын полицейлерге жоғалған қойларын аз уақыттың ішінде тауып бергені үшін алғысын білдірді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу