Осы сауалды мен былтыр ақпан айында жария түрде қойған болатынмын:
«Оңтүстік өңірінде жарық көріп жүрген көптеген басылымдардың арасында атышулы «Әділет ұлттық апталық» газетінің жарыққа заңды негізде шығып жүргеніне күмән туады. Неге дейсіздер ғой? Оған бірнеше себептер бар», – деп Facebook-тағы парақшама жариялағанмын. Енді жауабын алған сияқтымын.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің бұйрығына байланысты Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 10-бабының 5-тармағына сәйкес «Әділет ұлттық апталық» газеті 2017-жылғы 12-сәуірден бастап Есепке қою туралы куәлігінің күші жойылды.
Бұдан былай қолдарыңызға «Әділет ұлттық апталық» газетінің жаңа саны тиетін болса, оның заңсыз шығарылғандығын біле жүріңіздер!..
Әсет Әссанди