Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын-алу:
Табиғатқа демалысқа шыққанда мейлінше жабық киіну керек, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Кене шаққанда немесе кенемен жанаста болу арқылы аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан, кенені жалаң қолмен жұлып алуға, езуге болмайды.
Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралу керек.
Егер кене шағып алғаннан кейін дене температурасының жоғарылауы, ауырсыну, қатты бас ауруы байқалса, дереу дәрігермен кеңесу керек. Өзін-өзі емдеу ауыр жағдайға әкелуі мүмкін.
Жазда жазғы серуендеу, саяхаттау, табиғатта болу кезінде кене шағу қаупі артады. Бүгінгі таңда, Конго-Қырым қанды қызбасы диагнозымен 3 ересек, 2 бала тіркелген. Оның ішінде КҚҚҚ-сы расталған 2 жағдай (1 ересек,1 бала) тіркелді.
Көрші облыстан ауруын асқындарып келген 1 ересек науқас қайтыс болды.
Ал, 2 науқастың диагнозы лабораторлы тұрғыда расталмағандықтан КҚҚҚ-сы диагнозы алынды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу