Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТАШКЕНТТЕ ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІК ОРНАЙДЫ

ТАШКЕНТТЕ ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІК ОРНАЙДЫ

Генерал Сабыр Рахимовтың ескерткіші бұрынғы орнына қайтарылатын болды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавқат Мирзияев мәлімдеді. 2011 жылдың қысында Гафур Гулямның саябағына орнын ауыстырған ескерткіштің қайта орнына оралуы – тарихи әділеттіктің орнауы деді көрші мемлекет басшысы. «Бұл істі 9-мамырға дейін аяқтасақ, жөн болар еді», – деді ол.

Ескерткіш 1981 жылы Сабыр Рахимов ауданы хокимиятының алдында ашылған болатын. 2010 жылы бұл ауданның аты Алмазар ауданы болып өзгертілген еді. Бұның алдында Ташкент метросының «Сабыр Рахимов» станциясы «Алмазар» болып өзгертілген.

Мінеки, Ұлы Отан соғысының генералы, Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимовтың ескерткіші Президент пәрменімен өз тарихи орнына қайта оралатын болды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу