Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТІЛ МЕРЕКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ТІЛ МЕРЕКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

5 қыркүйек — Қазақстан халқының тілдері күні және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мерекелері ауданда салтанатты түрде аталып өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека, свадьба, помост и текст
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “Халқымыздың тарихы да, тағдыры да — тілінде. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын маңызды құрал”, — деп атап өтті.
Осы орайда , салтанатты шара барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Алдияр Қозыбаев құттықтау сөзінде тілдер саясаты мен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқтала келе, тіл жанашырларының қоғам тұрақтылығын сақтаудағы еңбектеріне алғысын айтып,аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, Алдияр Қозыбаев өнер саласында, шығармашылықта атой салып жүрген ел ағаларын, еңбегімен аудан атын шығарып жүрген жастарды алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Возможно, это изображение 8 человек
Салтанатты іс-шарада аудан өнерпаздары өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу