Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ НАСИХАТТАЛДЫ

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ НАСИХАТТАЛДЫ

⚜️Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» аталып өтеді. Осы ретте Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Қамқорлық» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп жиын өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл кездесу отбасылық құндылықтарды насихаттау, жанұя тыныштығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал ететін шараларды талқылауға бағытталды.
Возможно, это изображение 3 человека
Кездесу дөңгелек үстел бағытымен жүзеге асырылып, “Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбында жалғасты. Оған отбасылық қолдау орталығының өкілдері, учаскелік инспекторлар және басқа да мүдделі органдар қатысты.
Күн тәртібінде қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасылармен жұмыс істеу, ана мен бала құқықтарын қорғау, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу шараларына ерекше назар аударылды.
Возможно, это изображение 3 человека и люди учатся
Сонымен қатар жас отбасылардың нығаюы мен сақталуының маңыздылығы талқыланды. Ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы ерекше атап өтілді. Қоғам ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту үшін осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты.
© Didarbek.kz

Пікір жазу