Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » 120 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

120 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев Шардара қаласы, Асемай, Болашақ, шағын аудандарында салынып жатқан 120 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шардара Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал топтары және аз қамтылған көпбалалы отбасылары үшін салынуда. Б.Қуанышбайұлы тұрғын үйлердің құрылысын аралап, мамандарға сапасы мен жұмыс қарқынын қадағалауды тапсырды.
Нет описания фото.
Айта кетсек, тұрғын үйлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» №736 қаулысына сәйкес, бағдарламасымен жүзеге асуда. Тұрғын үй құрылысын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.
© Didarbek.kz

Пікір жазу