Түркістан қаласындағы Бекзат тұрғындар алабындағы құрылысы жүріп жатқан нысандар өз уақытында ел игілігіне берілуі тиіс. Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қала әкімінің орынбасары Төлегенов Талғат және мәслихат депутаттары Арыстанов Жандос және Тағайбаев Жанбота бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын көрді. Жай-күйін бағдарлады.
Ең бірінші кезекте халық қалаулылары Бекзат секторы Жарова көшесі бойында орналасқан жаңа саябақпен танысты. Жалпы жер аумағы -3 гектар аумаққа орналасқан. Демалушылар үшін мұнда орындықтар қойылып, саябақ ішіне арнайы түп ағаш егіліп, жасыл аймақ аумағы кеңейтілген. Балалар ойын алаңшасы жасақталған.Одан бөлек, автотұрақ аумағы бар. Және келушілерге іс-шаралар өткізу үшін қойылған сахнасы және ашық алаңшасы қарастырылған.
Жиделі көшесінде орналасқан спорт кешендерінің құрылыс жұмыстарының жүргізілу қарқыны мен жұмыс сапасын тексерді. Жасөспірімдер қамы үшін салынып жатқан кешен заманауи талапқа сай дайындалған құрылыс эскизінде нысанда бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес, тағы да басқа спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен қамтылған. Спорттық кешен келісім-шарт бойынша 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Келесі кезекте Жарова көшесінде орналасқан 2 қабаттан тұратын емхананың құрылысымен танысты. жаңа емханада күніне 50 адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу мақсатында барлық жағдайлар жасалынбақ.