Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ПАРЛАМЕНТАРИЙЛЕРДІҢ ОҢТҮСТІККЕ КЕЛУІ

ПАРЛАМЕНТАРИЙЛЕРДІҢ ОҢТҮСТІККЕ КЕЛУІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ә.Бектұрғанов, Ж.Нұрмағанбетова, Б.Хаменова, А.Тасболатов, Н.Жұмаділдаева және «Нұр Отан» партиясының «Білім» бағыты бойынша Комиссияның хатшысы Ш.Лепсибаевпен кездесті. Бас қосуда Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуіндегі еліміздегі білім сапасын жақсартуға байланысты қойған тапсырмасын орындау жайы талқыланды.  Кездесу барысында аймақ басшысы өңіріміздің білім саласының жай-күйімен таныстырып, қонақтарды Президент қойған міндеттерді бірлесіп орындауға шақырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі өңіріміздегі білім саласына енгізілген цифрландыру жүйесіндегі жаңалықтармен де бөлісті. Бүгінде оңтүстіктегі бірқатар аудан қалаларда мектеп директорын жұмысқа, балаларды балабақша мен білім ұяларына қабылдау жұмыстары электрондық жүйеге көшкен. Одан бөлек электронды күнделік бағдарламасы да алғаш болып ОҚО-да қолға алынып отыр. Нәтижесінде білім беру саласында адами факторлар азайып, қағазбастылық пен сыбайластықтың төмендегені сөз болды.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Ә.Бектұрғанов облыста атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантатынын айтып, білім саласындағы мәселелерді шешу жолында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Халық қалаулылары облысымызда бірнеше күн болып, оқу орындарды аралып жатақханалардың жай-күйімен танысатындарын жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов бастаған депутаттар тобы Республиканың алдыңғы қатарлы он колледждің бірі – Шымкент аграрлық колледжінің оқу-өндіріс базасында болды. Бұл – Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы саласына орта арнаулы кәсіптік мамандар дайындайтын базалық оқу орны. Оқу өндірістік базасы аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суару жүйесімен өсіретін бір гектар бау егілген. Сондай-ақ, жүзім бағы және егісті бұршақ алаңы бар. Онда жиналған өнімдер 10 тонналық көкөніс қоймасында сақталады екен.

Айта кетейік, ОҚО-да бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 74 мыңнан аса студент білім алуда. Мемлекеттік 36 колледждің 32-сі жатақханамен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік 36 колледждің барлығы 100% асхана және буфеттермен қамтамасыз етілген.

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу