Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып, Астананың 20 жылдығына орай «Қиял әлемі» саябағында облыстық «Бұраң бел» би фестивалі өтті. Облыстық «Бұраң бел» би фестивалі аясында 500-ден аса бишінің қатысуымен Орыс драма театры алдынан бастап » Қиял әлемі» саябағына дейін шеру ұйымдастырылды.
Фестивальге облысымыздың аудан, қалаларында үздік өнер көрсетіп жүрген 22 би тобы арнайы шеберлікті шыңдау дәрістеріне қатысты. Аталған би ұжымдарымен ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор, Өнертану кандидаты, Қазақстан Хореографтары Одағының мүшесі Ізім Тойған Оспанқызы, «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының режиссері, хореограф, ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты, «Қырғызстан Республикасының Мәдениет үздігі» төсбелгісінің иегері Арман Нұрмахаматұлы жұмыс жүргізді.
Шараны Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Асылхан Темірханұлы құттықтау сөзбен ашып беріп, фестиваль қонақтарына алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстады. Сонымен қатар, фестивальге қатысушы би ұжымдарының жетекшілеріне де ақшалай сыйлықтар берілді.
(Ә.Ә.)
Асхат Әссандидің фоторепортажы