Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АБАЙ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ

АБАЙ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ

Биыл Бас ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орй, еліміздің барлық өңірлерінде түрлі шаралар өткізіліп, ақын мұралары кеінен насихатталуда.

Жамбыл атындағы жалпы орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толу қарсаңына «Абайды білмек керек, ойлы жасқа » тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің аралығында онкүндік іс-шара өткізілді.
Онкүндік барысында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» Абайдың өлеңдерімен қарасөздерін жатқа айтудан Гүлжан Пердебек, Қарақас Шахан, Назерке Олжатай, Нұрболат Нұрлан, Шұғыла Сапарбек сынды мектеп оқушылары Абай өлеңдері мен қарасөздерін нақышына келтіре мәнерледі. «Абай әлемі» клубына мүшелікке қабылданған оқушылар ақынға арналған «Жанам деген жүрекке от берейік…» атты өз шығармашылығынан өлең-жырларын оқыса, Ернұр Шалқарбай, Құндыз Сапарбекова, Жанна Данабек «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» әндерін шырқады.

Раушан ЖАЙЫНБАЙ

Пікір жазу