Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ордабасы » ОРДАБАСЫДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

ОРДАБАСЫДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай қазақ даласы батырының атына мемориалдық кешен салынады, деп хабарлайды DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.

Заманауи үлгіде бой көтеретін нысанның құрылыс жұмыстары биыл қараша айында басталып, 2021 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі бойында салынатын мемориалдық кешеннің жалпы аумағы бес гектарды құрайды. Нысан кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, конференц залы, спорт залы, спортшылардың киім ауыстыруға, жуынуға арналған және басқа да қажетті бөлмелермен қамтылатын болады. Ғимараттың аумағы жасыл — желекпен абаттандырылып, орындықтар мен жарықшамдар орнатылады. Сондай-ақ жобада балаларға арналған ойын алаңшасы мен автотұрақ та қарастырылған. Батыр аталарының жолын қуғысы келіп, спортпен шұғылдануды арман еткен ауыл балалары үшін үлкен қуаныш болары анық.

Айта кетейік, спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға лайықты етіп бой көтеретін кешен түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге де ыңғайлы болмақ.

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу