Aудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтің төрағалығымен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Жиынға ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысхах, комиссия мүшелері, әйелдер кеңесінің төрайымы, іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аналар кеңесінің төрайымы, аудандық полиция бөлімінің әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы күрес инспекторы, Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу сектор, білім бөлімі, мәдениет және денсаулық сақтау салаларының мамандары қатысты.
Күн тәртібіндегі кәмелет жасқа толмаған қыздар арасындағы ерте жүктілік, репродуктивті денсаулық, қыздардың тәрбиесі жөнінде тиісті сала мамандарының баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Жиын көкейтесті мәселелер, олардың нақты шешу жолдары айтылып, сала мамандары тарапынан ұсыныстар айтылды.
© Didarbek.kz