Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТ: АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ: АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жаңабазар, Жігерген ауыл округтеріндегі жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады, деп жазады аудан әкімінің баспаөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Алдымен Жаңабазар ауыл округіне қарасты Тілектес елді мекеніндегі Бостан көшесіне тас төсеу жұмыстарын қарады. Содан соң Жігерген елді мекеніндегі Есжанов, Шыршықбаев, Ұйымшыл, Жамашев, Қанатбаев, Ташқұл болыс, Шақпақ көшелерінің орта жөндеу жұмыс барысын көрді. Айнатас елді мекеніндегі қосымша жер асты суын анықтау жұмыстарымен 200 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сондай-ақ, аудан әкімінің жеке қабылдауында болған, Алтынтөбе ауыл округіндегі Ащы Қарабау елді мекенінің тұрғындары Б.Темірбекова мен М.Егеновтың өтініштері бойынша, бүгін елді мекенге арнайы барып тұрғындармен кездесті. Елді мекенге баратын жолды асфальттау, ауыз су құбырын тарту, электр желілері мен бағаналарды жаңарту және жер мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі А.Абдуллаев жаңадан салынып және күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандарды аралау барысында атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, құрылыстың қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақытылы атқарылуы керектігін айтып, мердігер мекеме басшылары мен ауыл округі әкімдеріне ескертулер жасап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, бүгін Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев Қазығұрт ауданының тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Атап айтқанда, Қазығұрт елді мекені, Қарабастау елді мекені, Ащыбұлақ елді мекені, Тұрбат елді мекені азаматтары әкімнің жеке қабылдауында болып, ұрлық, сел алған үйді, сарайды қайта сараптамадан өткізу, жұмысқа тұру және көшеге су ағатын арнайы арықтар жасау секілді мәселелерін көтерді. Аудан әкімі Арман Айдарұлы жеке қабылдауда болған азаматтардың мәселелерін жеке-жеке тыңдап, шешімін айтып, тиісті мекеме, бөлім басшыларына нақты тапсырмаларын берді.

Пікір жазу