Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 127)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ТӨРТІНШІ ТОҚСАННЫҢ ОН БІРІНШІ КЕЗДЕСУІ – ЗЕРТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ

Бүгін Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, бекітілген кестеге сай Зертас ауылдық округінде халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдағы 9 айдағы көрсеткіші мен ІІІ тоқсандағы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша баяндады. Жаңакүш және Зертас елді мекендерінде ...

Толығырақ »

«ҰЛЫ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» Облыстық байқауының аудандық кезеңі Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткізілді. Байқау мақсаты — білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру. Байқау бірнеше номинациялар бойынша өткізіліп оқушылар белсене қатысып, әр номинациядан үздік жұмыстар іріктелді.Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу ...

Толығырақ »

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ ТӘЖІРИБИЕ ЖИНАУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған. Жастар практикасына оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде 35 жастан аспаған, жұмыс тәжірибесі жоқ, жұмыссыздар жіберіледі. Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша » Мансап » орталығына жүгіну қажет. Осы жобаның жемісін көріп отырған Ленгер қаласының тұрғыны Төленды Эльвира ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

Жұмыс беруші Мансап орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жалақысы субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орнын құрады. Яғни еңбекақыны субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастырады. Әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыс уақытша сипатқа ие, қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы төлеуді жұмыс беруші нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерді негізге ала отырып жүзеге асырады. Мемлекет жұмыс беруші белгілеген жалақы ...

Толығырақ »

АЙГЕРІМ ЕРАЛЫҚЫЗЫ: «БАСТЫ МАҚСАТ – ЖАСТАРДЫ ШЫҢДАУ»

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Айгерім Ералықызы Дүйсенбековамен сұхбат жүргізген болатынбыз: – Айгерім Ералықызы Сауран ауданында жастар ресурстық орталығы қашан ашылды? Жалпы осы орталықтың атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтсеңіз? – Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» Түркістан облыстық әділет басқармасында 2021 жылы 12 шілдеде тіркелді. Жастар ресурстық орталығы – жастардың әлеуметтік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жетісай ауданында Түркістан облысының 5 жылдығы аясында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған жаңа типтік үлгідегі білім ордасы аудандағы 74-ші мемлекеттік мектеп болып отыр. Нысанның салтанатты ашылуына келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаева Баянды ауылының тұрғындары мен ұстаздарын, оқушыларды ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Түркістан облысының аудан-қалаларындағы білім беру ұйымдарында семинар өтті. Алдымен Түркістан мен Кентау қаласында және Сауран ауданында ұйымдастырылды. Содан соң Арыс қаласы мен Ордабасы, Отырар ауданында барлық білім беру ұйымдарымен «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дәріптеу тақырыбында» өткізілді. Аталған семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Самат Расұл, Құқықтық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІ МАТЕМАТИКТЕРІНІҢ VII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСІ ӨТТІ

Облыс орталығында Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысын құттықтауында бұл шараның мән-мағынасы зор екені, матемиканың адамға берер пайдасы, Қазақстанда математиканың мықты мектебі қалыптасқаны, Конгрестің математика ғылымының дамуына тың серпін беретіні баяндалған. Сонымен қатар өңір басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі. – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ӘЛІППЕГЕ АРНАЛҒАН КӨМЕКШІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында журналист, жазушы, «Алтын қалам» республикалық әдеби байқауының лауреаты Ділдәгүл Нұрмаханбеттің «Әліппеге арналған әдістемелік-хрестоматиялық көмекші оқу құралының» таныстырылымы өтті. Алдымен көрмені тамашалаған көпшілік назарына бейне туынды ұсынылды. Шараға зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар қатысып, автор мен оның кітабы жайлы пікірлерін білдірді. Жазушы Нұрдәулет Ақыш модератор болса, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақсат Айтжан кешті тізгіндеді. Шара барысында ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасы негізінде Жетісай ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің, аудан прокуратурасы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қоғамдағы жастардың келбеті» атты аудандық жастар форумы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА «ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ» ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Отырар ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті. Еркін форматта өткен кездесуге құқық қорғау органдары мен зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері, ұстаздар, БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері, жергілікті тұрғындар, студенттер мен оқушылар, жалпы 400-ден аса жас қатысты. Іс — шара Отырар халық театрының жастар тәрбиесіне қатысты сахналық қойылымымен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОҚУ ОРДАСЫНДА АКАДЕМИК СЕРІК ПІРӘЛИЕВТІҢ ЕҢБЕГІН ЕСКЕ АЛДЫ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, аталған оқу ордасында 2003-2007 жылдары ректор қызметін атқарған ардақты ұстаз Серік Пірәлиев атындағы конференция залының ашылу салтанаты өтті. Саналы ғұмырын білім жолына арнаған қайраткердің құрметіне аталған конференция залының ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДА БОЛДЫ

Түркістан облысы демографиялық өсімі жоғары өңір. Өңірде мың мектепте 500 мыңнан астам оқушы білім алуда. Олардың 121-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Түркістан қаласының аумағында 42 мың оқушыны қамтитын 34 мектеп бар. 7 мектеп ескірген. Солардың бірінде болған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды №7 С.Ерубаев мектеп — интернатының жай-күйімен танысты. Күрделі жөндеуді қажет ететін 500 орындық мектеп 1976 жылы салынған. Білім ...

Толығырақ »

«АҚ ЛАЛАГҮЛДЕР МЕКЕНІ — ФИНЛЯНДИЯ» КІТАБЫ БОЙЫНША ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Созақ ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» тақырыбындағы онкүндік өтті. Ұжым мүшелеріне ой салған бұл игілікті іс «Мен елімнің болашағын қалай көремін және ол үшін не істей аламын?», тақырыбында Г.Петровтың «Ақ лалагүлдер мекені — Финляндия» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы еркін әңгіме пікірталас ретінде ұйымдастырылды. Конференция барысында «Г.Петровтың «Ақ лалагүлдер мекені ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗ ТІРЕК СЫЗБАЛАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖИЫНТЫҒЫН ЖАСАДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы №7 IT мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Гүлдана Айдарбекова тірек сызбалар көмегімен оқыту технологиясын тиімді қолдануды ұсынып жүрген шығармашыл ұстаз. Электронды жиынтық -кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі. «Бұл жобаны мен уақыт үнемдей отырып бала психологиясын қызықты ...

Толығырақ »

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ЖӘНЕ ЛОГОПЕД МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Тәрбиелі, білімді, жан-жақты дамыған балалар — ертеңгі еліміздің болашағы. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту — мемлекеттік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Балаларды тәртіпке үйрету, зейінін ашу, жан-жақты дамытуда балабақша қызметкерлері өз үлестерін қосуда. Түркістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Балдырған» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың психолог және логопед мамандарына арналған әдістемелік отырыс өтті. Балаларға оқу-тәрбие жұмысын тиімді ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Арыс қаласы, Ордабасы, Отырар аудандарында барлық білім беру ұйымдарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дәріптеу тақырыбында» семинар өткізілді. Аталған семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Расұл Самат Әбдімүталіұлы , Түркістан облысының білім басқармасының құқықтық актілерді сараптау және заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сапарбеков Әлжан Нұртасұлы, Түркістан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 6 МЕКТЕП ПЕН 5 БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалалық Мәдениет үйінде қала тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Жиында Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша бастау алған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Тараз» шағын ауданынан 600 орындық мектептің құрылысы басталғандығы айтылды. Сондай-ақ, келесі жылы дәл осы бағдарлама шеңберінде «Наурыз» шағын ауданынан 900 орындық мектеп салынбақ. Бұдан бөлек, «Отырар» шағын ауданынан 600 орындық мектептің және И.Журба атындағы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ӨМІР БҰЛАҒЫ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Елімізде 1 шілдеден бастап адамның туылғанынан жалпы өмірлік циклы бойынша мәселелерін реттейтін Заңнамалар жиынтығы Әлеуметтік кодекс күшіне енді. Оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту техникалық құралдарының түрлерін кеңейту, сапасын жақсарту секілді жүйелерді транформациялануда. Түркістан қаласында мүгедектігі бар балаларды тәрбие және оқумен қамтамасыз етуге арналған «Өмір бұлағы» оңалту орталығы ашылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, облыстық жұмыспен ...

Толығырақ »

«АУЫЛ МЕКТЕБІН САПАЛЫ БАСҚАРУ» ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» директоры Бақытжан Төлімбет Нұрмағанбетұлы және облыстық білім басқармасының өкілдері бүгін Сауран ауданы Ы.Алтынсарин ШЖЖОМ базасында Облыстық білім беруді дамыту орталығының жүргізіп отырған «Ауыл мектебін сапалы басқару» пилотты жобасының барысымен танысты. Мақсат — эксперименттің негізгі идеясын, тұжырымдамасын, жоспарланған ...

Толығырақ »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығының «Тәрбие және әлеуметтік-психология» кафедрасы «Біртұтас тәрбие бағдарламасын, тәрбиенің жылдық жоспарын талдау, сараптау мақсатында кезектен тыс шығармашылық топ отырысын өткізді. 2023-2024 оқу жылының тәрбие жоспарын талқылап, тәрбие жұмысының біртұтас кешенді бағдарламасына талдау жасады. Сондай-ақ, отырыста мектепішілік ішкі тәртіп ережесінің жаңа формасын және ата-анамен келісім шарттың бірыңғай формасын әзірлеу т.б. әртүрлі мәселелер талқыланды. Шығармашылық топ отырысына ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Танирбергенова Анар Шынболатқызы түркістандық педагогтармен кездесіп, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында кең көлемді баяндама жасады. Ұлттық, адами құндылықтарға негізделген құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру ...

Толығырақ »

«АҚЫЛДЫ БАЛАҒА – СЫЙЛЫҚҚА АҚЫЛДЫМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АКЦИЯ БАЙҚАУДЫҢ АУДАНАРАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ӨТТІ

Жетісай аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақылды балаға-сыйлыққа Ақылдым» атты облыстық акция-байқаудың ауданаралық іріктеу кезеңі мәдениет үйінде өткізілді. Байқаудың мақсаты — оқырман балаларды кіттаппен, балаларға арналған баспасөзбен таныстыра отырып, бала қиялының шарықтауына, өзара диалог құру кезінде сөздік қорының молаюына қолдау көрсету, ертегілер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Баланы ақылды, ізденімпаз, ұшқыр ойлы, сұлулығының негізі кітапта екенін ұғындыру. Байқауды «Ақылдым» балаларға арналған ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШ: «БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС»

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының педагогтеріне оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және білім беру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша уақытылы шешімдер қабылдау бойынша қажетті консультативтік көмек көрсету мақсатында «Білім мен инновация: білім беру процесіне жаңа көзқарас» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлерінің қатысуымен №5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде болып өтті. Жиынның негізгі қадамдарына оқу-әдістемелік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЕСЕП ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев облыстағы білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Жобаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының бюджеттік қаражатты жоспарлау және игеру процесстерін қолданыстағы есепке алудың ақпараттық жүйесі арқылы толығымен автоматтандыру, жетілдіру, бюджеттік қаражатты ұрлауға байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын ...

Толығырақ »