Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков құрылыс жұмысын бақылау үшін нысанға арнайы барды.
Белсенді демалыс саябағының жалпы аумағы – 10,5 гектар. Қатты жабын аумағы 42776,96 шаршы метр болса, көгалдандыру алаңы – 61891,78 шаршы метр.
Ал осы саябақтың аумағында орналасқан Ботаникалық бақ келешекте сұранысы жоғары демалыс орнына айналатыны сөзсіз. Дегенмен, қала әкімі егілетін ағаштардың жерсінуі мен өнімділігіне баса мән беруді тапсырды.
Демалыс күніне қарамастан мұнда тірлік қыза түскен. Мердігер мекеме нысанды мерзімінен кешіктірмей тапсыруды жоспарлап отыр.
Нұрбол Әбдісаттарұлы бірқатар кемшіліктерге қатысты ескерту жасап, оларды жою үшін жауаптыларға мерзім белгіледі.