Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Бекзат мөлтек ауданындағы Жаров көшесі бойында құрылысы басталған саябаққа барып, жұмыс барысын бақылады.
Саябақ 3 гектарға орналасады, көгалдандыру аумағы 19 460 шаршы метрді құрайды деп жоспарланған. Қазір мұнда жаяу жүргіншілерге арналған жол төселіп, балалар алаңшасы мен стрит воркаут негізі қалануда. Тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында мұнда жүгіру жолағы, шағын сахна және автотұрақ қарастырылған.
Сондай-ақ, Бекзат аумағында 2023 жылы құрылысы басталған А.Навои және Жәңгір хан көшелеріндегі жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы қарқынды жүруде. Қалаби көшесін 4 жолақты жолға кеңейту жүзеге асырылуда.
Бекзат секторында 118 көше, 5 мектеп, 8 балабақша, 1 аурухана, 84 кәсіпкерлік нысан бар. Тұрғын саны 47 мыңнан асады.