Түркістандық шебер Абайхан Рыспаев 40 жылдан бері қыш өнерін жанына серік етіп келеді.
Алматы көркем сурет училищесінен керамика ісі бойынша білім алған тұрғын бүгінде сүйікті ісін кәсіпке айналдырған.
Жылына 10 мың данаға жуық қыш бұйымдарын дайындайтын өнер иесі бүгінде шеберханасында 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Қазіргі таңда, Абайхан Рахманбердіұлы Түркістан көпсалалы колледжінде қыш өнерінен сабақ беріп, ұлттық өнерді дәріптеп келеді.