Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 145)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның әрбір мүшесінің қолдауы мен қорғауына алынуы тиіс жандар. Олардың көңілі мен пейілі өзгелер үшін алғы орындарда тұруы тиіс. Ондай бүлдіршіндерді қуантудың өзі бөлек бақыт деп білеміз. Осындай масатта «Медеу» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сарыбаева Күләш Көктеубайқызы үлкен мерекелік іс-шара өткізді. Аталмыш жиын Түлкібас ауданының орталығында орналасқан ең таңдаулы мейрамханалардың бірі «Ақ сұңқарда» өтті. Оған мейрамхана ...

Толығырақ »

ЕРКЕБҰЛАН ШЫНАЛИЕВТІҢ СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Бүгін «1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі аясында Еңбекші ауданында елімізге танымал боксшы, Олимпиада жүлдегері Еркебұлан Шыналиевтің спорт залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Спорттық нысанның ашылуына бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов, бокстан әлем чемпиондары Махмұт Сабырхан, Сәкен Бибосынов, Қайрат Ералиев және т.б. белгілі спортшылар қатысты. Даңқты спортшылар жергілікті тұрғындарды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, болашақ ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНДЕ ТӨРТ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Тұран ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай төрт балалар ойын алаңшасы ашылды. Аудан әкімі Боранбай Нығметұлы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына арнайы келіп, ойын алаңшасының лентасын қиды. Ауданда биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 13 балалар ойын алаңшасы салыну жоспарланған. Бүгін соның ішінде Бәйдібек би көшесіндегі №246 тұрғын үй және Құрсай, Отырар, Ақтас шағынаудандарында ойын алаңшаларының құрылысы аяқталып, ...

Толығырақ »

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКЕН ЖҮЗУ БАССЕЙНІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Денсаулық» спорт кешенінің жүзу бассейні күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бүгінгі балаларды қорғау күніне орай жаңа бассейнде суға жүзуден жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов балаларды бүгінгі мерекемен құттықтап, шаһарда бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалатынын айтты. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шаһарда бұқаралық спортқа қолайлы жағдай жасалып келеді. Бүгінде қалада 1000-нан аса ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІКТЕР «BALASHYM» ФЕСТИВАЛІНДЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ТАМАШАЛАДЫ

Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасып жатыр. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «BalaShym» өнер фестивалі ерекше форматта өтіп жатыр. Өнер фестиваліне қаладағы қосымша білім беру ұйымдарының жас өнерпаздары жиналып, 5 бағыт бойынша өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Эстрадалық вокал, хореография, қолөнер, сурет салу бағыттары бойынша көрермендер балалардың шығармашылығын тамашалады. –Бүгінгі фестивалге 530-дан ...

Толығырақ »

ӨНЕРТАПҚЫШ БАЛАЛАРДЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Шымкентте «1 маусым – Халықаралық балалалар күні» мерекесі Достық үйінде қосымша білім беру ұйымдарындағы өнертапқыш оқушылардың көрмесімен басталды. Жиынға қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қатысып, балаларды айтулы мерекемен құттықтап, талантты да дарынды балалардың жетістіктері үшін алғыс білдірді. Көрмеге 19 қосымша білім беру мекемесі қатысып, өз жетістіктерін паш етті. Мемлекеттің қолдауымен балаларға тегін қосымша білім беріп отырған ұйымдарда робототехникаға деген қызығушылықтың ...

Толығырақ »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ЭНЗООТИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ 17 СӘУІРДЕ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласының аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларының алдын алу, адамды, жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктерден қорғау мақсатында, оларды жою бойынша іс-шаралары жоспарланды. Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан 6 автокөлік (бүркуіш аппараттарымен), 6 бригада (3 адамнан, жалпы саны 18 жұмыскер) жұмылдырылды. Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 17 сәуірінен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (әрі қарай – КҚГҚ) табиғи ошақтары орналасқан. Ағымдағы жылдың эпидемиялық маусымы басталғаннан бері бүгінгі таңда Шымкент қаласында КҚГҚ ауруына күдікті жағдай тіркелмеді. Табиғи ошақтардың болуының негізгі себебі – бұл аймақта иксодты кенелердің мекендеуі. Кенелердің табиғатқа жаппай шығуы әдетте наурыз-сәуір айларының басында басталады, олардың шағуынан зардап шеккендердің ең көп саны мамыр-маусым айларында тіркеледі. КҚГҚ ауруының ...

Толығырақ »

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі М.Д.Әйтеновтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысына аумақтық департамент бастықтары, Аудан әкімдері және салалық басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде объектілердің қауіпсіздік жағдайы, жастар арасындағы профилактикалық жұмыстардың жай-күйі және қазіргі уақытқа дейін берілген комиссия шешімдерінің орындалуы барысы, комиссия қызметінің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары қарастырылды. Аталған мәселелер бойынша Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған ...

Толығырақ »

ЗАҢГЕР ІСТІ БОЛҒАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, ислам заңгері Қабылбек Әліпбайұлы Шымкент қаласындағы №53 және 54 түзеу мекемелеріндегі сотталғандарға жергілікті діни қызметшілермен бірлесіп тәрбиелік мәні бар топтық кездесулерді өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.  Рухани даму — бұл тәрбие процесінің маңызды бөлігі, оның мәні бас бостандығынан айыру орындарында айқын байқалады, өйткені мекеменің тәрбие бөлімдерінің қызметкерлері сотталғандардың бойында құқықтық тәртіп нормаларын қалыптастырып қана ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: Абай ауданында жарықтандырылған көшелер саны артты

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, көшелерге жарықшамдар орнату жұмыстары нәтижелі түрде жүзеге асып келеді, деп хабарлайды didarbek.kz. Шаһардағы Абай ауданында 2021 жылдан бастап мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік маңызы бар көшелер жарықтандырыла бастады. Нәтижесінде 2021 жылы 40 көше, 2022 жылы 28 көшеге жарық шамдар орнатылды. Ал, биыл 50 көшеде жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттар жинақталуда. 2024 жылы құрылыс жұмыстары ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: БАРЛЫҚ ЖАСЫЛ ЕКПЕЛЕРГЕ ТҮГЕНДЕУ, ПАСПОРТИЗАЦИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Ағымдағы жылы Шымкент қаласының аумағына жалпы 200 мың түп ағаш көшеті егілетін болады. Бұл туралы Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Жолдасов Ержан Жақсылықұлы брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды didarbek.kz. Оның ішінде, 110 мыңға жуығы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында болса, қалған 90 мың түп ағаш демеушілік және жаппай сенбіліктер өткізу арқылы егіледі. Ағаш түрлері мен нақты санын айқындау мақсатында жаңа ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН САЛУҒА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ТАРАПЫНАН ҰСЫНЫСТАР ТҮСУДЕ

Шымкент қаласы аумағында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салуға шетелдік инвесторлар тарапынан ұсыныстар түсуде, деп хабарлайды didarbek.kz.  Бұл туралы Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Жолдасов Ержан Жақсылықұлы брифинг барысында мәлімдеді. Шымкент қаласындағы коммуналдық қалдықтар мәселесін шешу үшін қоқыс өңдеу зауытын салу қажет екендігі бәрімізге мәлім. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы аумағына қалдықтарды өңдеу зауытын салуға Испания, Қытай, Германия инвесторлары тарапынан ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІКТЕР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін, 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Осыған орай «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Тағдырдың қатал сынағына ұшыраған боздақтар еске алынып, құрмет етілді. Іс-шара алдымен ана мен бала ескерткішіне тағзым етуден басталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов, зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар еліміздің жарқын болашағы жолында тағдыр тауқыметін ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК ТҮЛЕКТЕР “АЛТЫН ҚОРҒА ҮЛЕС ҚОС” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛАДЫ

Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхананың «Алтын қорға үлес қос» жобасы аясында биылғы мектеп бітіруші түлектер кітапхана қорын ұлғайтуға атсалысып, өскелең жас ұрпаққа және жалпы қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандары үшін сұраныстағы әдебиеттерді сыйға тартты. Бұл бастаманы кітапхана қызметкерлері мектеп басшылығына ұсыныс білдіру арқылы жүзеге асырды. Бітіруші түлектер де қуана қолдап, кітапхана қорын ұлғайтуға кірісіп кетті. Ұйымдастырылған жобаға Шымкент ...

Толығырақ »

Шымкентте екі жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Шымкентте екі жасөспірім 6 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасаған didarbek.kz. Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 2023 жылы 10 мамырда Шымкент қаласы Игілік тұрғын алабының аумағынан ағып өтетін Бадам өзені бойында болған. «Шомылуға келген бір топ бала өзенге кішкентай бала батып кеткені туралы айтады. Алғашқы сәтте бұған сенбеген Ердаулет пен Рамазан оқиға ...

Толығырақ »

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 6 ЕЛДІМЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

2023 жылы Шымкент қаласында 6 елдімекен табиғи газбен қамтылады, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен елдімекендерді табиғи газбен қамту және даму перспективасы талқыланған арнайы жиында айтылды. Бүгінде қала аумағындағы 7 251 шақырым газ желілерінің 14 пайызы тозған. Былтырғы жылы Жаңғырту бағдарламасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан 76 шақырым газ құбырын жаңарту жұмыстары басталған болатын. Шілде айына дейін ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ: МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Қазығұрт ауданының орталығындағы Мәдениет сарайында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс төртінші сессиясы шақырылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған diarbek.kz ақпараттық агенттігі. Сессияға аудан әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. 1. Қазығұрт аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» 2022 жылғы ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Сайрам ауданында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, бірқатар облыстық мәслихаттың депутаттары жұмыс сапарымен ауданда болды. Алдымен халық қалаулылары аудандық экономика және қаржы бөліміне келіп, бюджет қаржыларының мақсатты игерілуіне жүргізілген тексеру жұмыстары және аудан тұрғындарынан түскен арыз-шағымдарының қаралу барысы мен нәтижесі сұралды. Облыстық мәслихат аппаратының тиісті қызметкері сұрақтар бойынша түсініктеме берді. Мұнан кейін, «Amanat» партиясының Сайрам аудандық филиалының ғимаратында ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов өзінің іс жоспарына сай Сарапхана, Жаңабазар және Жігерген ауыл округтеріне арнайы іссапармен барды. Сарапхана ауыл округінен Талдыбұлақ елді мекеніндегі жүргізіліп жатқан KXKZ-15 KX-29 «Шарапхана-Жаңабазар-1Мамыр» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орта жөндеу жұмыстарын көрсе, Жаңабазар ауылында КХ-44 «Жігерген-Көкібел» облыстық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары мен Ұя өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарымен ...

Толығырақ »

Түркістан: Қазығұрт ауданында биыл экономикалық өрлеу басым

Түркістан облысына қарасты  Қазығұрт ауданында биыл экономикалық өрлеу басым. Жалпы аудан орталығында 116 577 адам өмір сүреді. Биыл  Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа кезекті Жолдауында еліміздің алдағы уақыттағы даму бағыттарының негізгі міндеттері айқындалып, елдің әл-ауқаты мен экономикалық қуатын еселейтін маңызды міндеттер жүктелген болатын. Осы тұста аудандағы өткен жылғы атқарылған істер мен  2023 жылға жоспарланған жұмыстарға ...

Толығырақ »

НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Нұршуақ елді мекеніне биыл талшықты оптика желісін жүргізу жоспарға енгізілген болатын. Маусым айының соңына дейін елді мекен оптика желісімен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда инвестор тарапынан интернетпен қамтуға қажетті құрал-жабдықтар алынып, елді мекен көшелеріне оптика желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстарды маусым айының соңына дейін аяқтап, 10 000-ға жуық тұрғынға жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 8 МЫҢНАН АСА ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

«2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 2023 жылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру жүргізілуде. Биылғы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейінші нәтижеге сәйкес Шымкент қаласы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандар саны 8 319 адамға жетті. Олардың ішінде: — 156 жас skills.enbek.kz/kk платформада талап етілетін дағдылары арқылы онлайн-оқытылды; — 129 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды; — ...

Толығырақ »

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ АЛЮМИНИЙ БАНКАЛАР ШЫМКЕНТТЕ ШЫҒАДЫ

Қазақстанның үшінші мегаполисі Шымкенттің экономикасына ауқымды инвестициялар тартумен қатар, жоғары стандарттарға сай келетін өндірістерді дамыту көзделген. Соның бірі «QAZALPACK» зауыты – Орталық Азияда бірінші болып алюминий банка шығаратын бірегей жобаны жүзеге асырушы компания. Ол Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағы аумағында орналасқан. Зауыт нарықта көп сұранысқа ие, қақпағы бар алюминий банка шығарады. Қазіргі уақытта инвестициялық жоба толығымен жүзеге асырылып, қалыпты жұмыс ...

Толығырақ »

Шымкентте 200-ден астам комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті

Бүгін қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен өңірдің комплаенс-офицерлерінің коучингі ұйымдастырылды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қалалық филиалының директоры Әділет Нысанбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Инкай» БК» ЖШС комплаенс-офицері Дархан Шалбаев арнайы шақыртылды. Іс-шараның модераторы – Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев болды. Кездесу барысында ...

Толығырақ »