Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 196)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ТҮРКІСТАНДА 6250 БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

Білім күніне орай Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Төле би атындағы N19 мектепте болып, «Алғашқы қоңырау» мерекелік шарасына қатысты.Облыс орталығында жалпы 34 мемлекеттік, 19 жекеменшік мектеп, 110 мектепке дейінгі және 7 қосымша білім беру ұйымдары оқушылар үшін есіктерін айқара ашты.Жалпы 2022-2023 жаңа оқу жылында қала бойынша 6250 бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданса, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан қаласында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты мерекелік шара өтті. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шара ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Мерекелік шара әрмен қарай «Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жалғасты. Зиялы қауым өкілдері мен облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, шараға қатысушы құрметті қонақтар арнайы жасақталған көрмені тамашалады. Аталмыш көрме облысымызда қызмет атқаратын 11 этномәдени бірлестіктерінің тілі, мәдениеті, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БІРЛІКТЕ 600 ОРЫНДЫ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков «Бірлік» тұрғындарымен бүгін кезекті кездесуін өткізіп, атқарылған жұмыстарды баяндады Түркістандағы «Бірлік» тұрғын үй алабында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында тұрғындармен өткізген кездесуі барысында 77 мәселе көтерілді. Қазіргі таңда оның 58-і орындалса, 14-і бойынша жұмыстар басталды, қалған 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. Сектор аумағында 16 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселді. 3,3 шақырымды ...

Толығырақ »

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР-БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің секторларда тұрғындармен өткізген кездесулері барысында жаяу жүргіншілерге арналған жол мәселесі көп қозғалған болатын. Кей жолдарға асфальт төсеу инфрақұрылым жүйелері толық жүргізіліп болған соң жүзеге асатынын түсіндірген шаһар басшысы бүгінде әлеуметтік маңызы бар нысандарға (мектеп, балабақша) жаяу жүргіншілерге арналған жол салу мәселесін шешуге кірісті. Биыл “Шауғар” секторы аумағында 20 шқ. құрайтын 31 көшеге тас төселді. Сонымен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ШАУҒАРДА ШАРУА ШАШ ЕТЕКТЕН

Түркістан қаласының «Шауғар» тұрғын алабында атқарылар шаруа көп. Әйтсе де, барлық мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында сектор тұрғындарымен кездесуі барысында 51 мәселеле көтерілген болатын. Олардың 37-сі бүгінде толық шешімін тапты, 10 мәселе бойынша жұмыстар басталып, қазіргі таңда атқарылуда, ал 4 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. Шауғар секторында 22 аялдама орнатылды. 20,5 шақырымды құрайтын ...

Толығырақ »

ҰЛТ САУЛЫҒЫ -ЗОР БАЙЛЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырған жоқ. Сондай-ақ Президент медициналық оқу орындары жанынан ауруханалар мен емханалар ашылатынын мәлімдеді. Бұл бастаманың медицина факультеті студенттерінің тәжірибе алмасуында және олардың маман ретінде қалыптасуында маңызы зор. Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің іргетасы. Жолдаудағы үшінші бағыт – ел болашағы үшін стратегиялық инвестиция. Әсіресе, алдағы үш жылда резидентураға ...

Толығырақ »

ОҚУШЫНЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАҒАН АҒА

15 қыркүйек – Асанбай Асқарұлының туған күні. Шымкент қаласының өсіп-өркендеуіне үлкен еңбегі сіңген Асанбай ағаны бұл күні еске алуды ел арасында дәстүрге айналдырды. Ауқымды шаралардан бөлек, білім ұйымдарында, кітапханаларда, жоғарғы оқу орындарында жыл сайын еске алу кештері өтеді. Бұл күн мен үшін елім деген азаматтың ауыл қызының арманын орындап, мектеп салуға ұйытқы болған ыстық естелігімен қымбат. Иә, Асанбай ағамен 13 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚТЫҢ ТҰТЫНУШЫ РЕТІНДЕ САУАТТЫЛЫҒЫ АРТУДА

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Б.Салхожаев департаментінің 8 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндады. «Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда, келіп түскен арыз-шағымдар бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылдың 8 айында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне тұтынушылардан 1205 шағым түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 245%-ға артық. Яғни, халықтың ьұтынушы ретінде ...

Толығырақ »

Шымкентте емханаға ерікті тіркелу науқаны басталды

Бүгін Шымкент қаласында емханаға ерікті тіркелу науқаны басталды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Тіркеуге өтінімді электронды үкімет порталы арқылы берген жағдайда 1 жұмыс күні ішінде қаралады. Тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүреді, ал оның нәтижесі келесі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Яғни, пациент (сол емхана оның тіркеуге өтінімін растаған жағдайда) өзге емханадан медициналық көмекті келесі жылдың басынан бастап ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының бас дәрігері тұрғындарды қабылдады

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қабылдау барысында тұрғындар қаланың бас дәрігеріне медицина қызметкерлерінің дөрекі әрекеттеріне, дұрыс жүргізілмеген емдеу шараларына шағымданды. Жеке қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдаған басқарма басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, шешілу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, келіп түскен өтініштер жеке тұрақты бақылауында болатындығын атап өтті. Қабылдау барысында тұрғындар шағымданып ...

Толығырақ »

Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Шымкент қаласында күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкентте күзгі әскерге шақыру қызу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша 700-ден астам жерлесіміз әскери киім киіп, Отан қорғаушылар қатарына қосылады. Әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес қазір ҰҚК Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, одан кейін – Қарулы Күштердің, Төтенше жағдайлар ...

Толығырақ »

​Танкистер күні: Шымкентте оқушылар үшін Ашық есік күні өтті

Танкистер күні қарсаңында Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында оқушылар үшін Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған шараға қала мектептерін бітіруші оқушылар мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубынан жалпы 300-ден астам бала келді. Балаларды әскери өмірмен таныстыру бақылау өткізу пунктінен басталды. Онда оқушылар тобын бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ринат Калидолдин ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 13 мыңнан астам жас аналар жәрдемақыны онлайн рәсімдеді

Шымкент қаласында бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны 13 мыңнан астам аналар онлайн рәсімдеді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілдері мәлімдеді. «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы қалай өтініш беріп, рәсімдеу ...

Толығырақ »

АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ

Бүгін Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, мемуаршы, зерттеуші, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл. Осыған орай Шымкенттегі Әл Фараби алаңында тау тұлғаны еске алу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, бір топ зиялы қауым мен жергілікті халық және БАҚ өкілдері қатысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Алғы сөзінде шаһар басшысы қазан айында Асанбай Асқаровтың ...

Толығырақ »

Шымкенттік полицейлер студенттермен кездесу өткізді

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу, жастарды спортқа баулу мақсатында студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған басқосудың негізгі мақсаты — жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақыру. ...

Толығырақ »

Шымкентте нысандарға қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласының этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атап айтқанда, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері Қызылжар тұрғын алабы Жиделібайсын көшесіндегі 7 кәсіпкерлік нысанға ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЗАМАНАУИ ЖЕЛІГЕ АУЫСТЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласының негізгі орталық көшелерінде орналасқан электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру бойынша 4 нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, бірінші нысан С.Қожанов пен Байбұрт көшелері аралығындағы құрылыс толық аяқталып, 10 кВ-ты 10,3 шақырым және 0,4 кВ-ты 11, 6 шақырым желі жүргізілді. Қазірде абоненттер жарықпен толық қамтылған. Екінші, Б. Саттарханов даңғылы мен Кенесары көшесі бойынша , 10 кВ-ты 8, 4 шақырым, сонымен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҰҚЫМБАҚТАРДАҒЫ КӨШЕТТЕР САНЫ 50 МЛН-ҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Ормандарды сақтау және кеңейту бағытында Кешенді жоспарға сәйкес 5 жылда 110 мың гектар жерге 170 миллионнан аса ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Жоспар сәйкес, 2021 жылы 14 619,4 га жерге 18,707 млн. ағаш көшеттері отырығызылса, 2022 жылы 16 940 га жерге 22 млн. ағаш-көшеттерін отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Түркістан қаласының ...

Толығырақ »

Сайрамда жылыжайлар көбеюде

Сайрамдық шаруалар жылыжайда бақша өнімдерін егуде сарығаштық диқандардан кем түспейді. Биыл аудан аумағындағы жылыжайдың көлемі 60 гектарға жеткен. Бұл көрсеткіш жылдың соңына дейін артады дейді ауыл шаруашылығы саласының мамандары. Ынтымақ ауылындағы жылыжай иесі Селимхан Валиевтің пайымдауынша «аралар он адамның жұмысын атқарады. Бұл жаңашылдық бір жылда екі -үш рет өнім алуға мүмкіндік береді»- дейді кәсіпкер. Жылыжайда бірінші айналымында қиярдың «Меренга» сорты ...

Толығырақ »

Түркістанда Сидней көгінде жағылған жұлдызды еске алуға арналған шаралар өтуде

«Жиырма жыл күткен алтынды жиырма жастағы жігіт алып берді». Бұл сөз 2000 жылы Сидней Олимпиадасында топ жарған Бекзат Саттархановқа арналған. Комментатордың осы сөзі көп жанкүйердің көңілілінде жатталып қалғаны анық. 2000 жылы бокстан Сид­ней Олимпиадасының ақ­тық сынына төрт қазақ жігіті шықты. Гүрзі жұды­рық­тар гүрсілінен жер шай­қалғандай сұрапыл айқас­та екеуі жеңіс тұғы­ры­ның ең биігіне көтерілді. Алып мұхит әлдилеген Аустралия жерінде өткен әлемдік ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ӘЙТЕКЕ БИ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРЫНА ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Әйтеке би елді мекеніндегі Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 76,0 және 36,0 гектарды жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді салу жұмыстарының ішінде газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жергілікті тұрғындар мен мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жаңақұрылыс аумағындағы ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АҚСУКЕНТ АУМАҒЫНДА «AQSU» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылы Сайрам ауданының орталығындағы Ұлы дала көшесінде орналасқан «AQSU» медициналық орталығы ашылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Екі қабатты ғимаратта жобаның қуаттылығы бойынша күніне 60 науқас қабылдай алады. Тұрғындарға күндізгі уақытта медициналық қызмет көрсетеді. Кәсіпкер Индира Көпбаева өз есебінен 40 млн. теңге қаржы жұмсаған. Қажетті көлік, медициналық бұйымдар мен жиһаздарды сатып алған. Бүгінгі ...

Толығырақ »

ЖАСӨСПІРІМ ҰЛ БАЛАЛАРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» мақалын назарға жеткізіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алу қажеттілігін атап өтті. Сапалы білім алудың педагог тарапынан оқытуымен қатар, құрастырушы бөліктері ретінде ол жастардың дұрыс бағыттағы жүріс-тұрысы, алдағы буынның тәрбиелік мәні бар өмірлік тәжірибемен бөлісу, олардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады. ...

Толығырақ »

ТАЗАЛЫҚ – БАРШАҒА МІНДЕТ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков тиісті басшылармен бірге Ақсукент ауылдық округінің әкімшілігінен бастап, Жібек жолы даңғылы бойымен өтіп, Абылай хан алаңына дейін жаяу жүріп аралады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бірінші кезекте ауылдағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарына назар аударып, Ақсукент ауылдық округінің әкімі А.Бөрібеков және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының 7 қаламен бауырластық қатынас орнатуы жоспарлануда

Қазіргі таңда Шымкент қаласымен бауырлас қалалардың 10 болса, 2022 жылдың соңына дейін қосымша 7 қаламен бауырластық қатынас орнату жоспарланып жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпарттық агенттігі. Оның ішінде: Қытайдың Далянь және Сиянь, Италияның Генуя қаласы, Әзірбайжанның Гянджа қаласы, Литваның Каунас қаласы, Болгарияның Пловдив қаласы, Татарстанның Қазан қалалары. Бауырлас қалалармен жалпы жобаның құны 1 млрд 999 миллион долларды құрайтын, бірлескен Шымкент қаласында ...

Толығырақ »