Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте өкпе туберкулезі өткен жылмен салыстырғанда төмендеген

Шымкентте өкпе туберкулезі өткен жылмен салыстырғанда төмендеген

Шымкент қаласы бойынша өкпе туберкулезі өткен жылмен салыстырғанда 18 жағдайға төмендеген, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Айгүл Мелесқызы брифинг барысында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, Шымкент қаласы бойынша 2022 жылы туберкулез аурушаңдығының эпидемиологиялық жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты. Бірақ 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдықтың 9 жағдайға артуы байқалған. Сонымен қатар, ағымды жылдың 2 айында жалпы туберкулездің 40 жағдайы тіркеліп, аурушаңдық 26 (40%) жағдайға, оның ішінде өкпе туберкулезі өткен жылдың өткен мерзімімен салыстырғанда 18 жағдайға төмендеген. Аурушаңдық 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында тіркелмеді.

Айта кетейік, алдын алу және диагностикалық мақсаттарда ересектер мен балалар арасында туберкулезді ерте анықтау үшін флюорографиялық зерттеулер мен Манту сынамасы жүргізіледі. Науқасты кеш анықтаған кезде туберкулездің бациллярлы немесе асқынған түрі қоғам үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Уақтылы емделмеген жағдайда туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастар жылына 10-нан 15 адамға дейін ауруды жұқтыруы мүмкін. Науқастардың 54%-ын еңбекке қабілетті 18-44 жас аралығындағы адамдар құрайды. Туберкулез таяқшасы қоршаған ортада, әсіресе қақырық пен топырақта едәуір ұзақ уақыт сақталады.

Өкпе туберкулезі — бұл созыпмапы (ұзаққа созылатын), жұқпалы (тез тарайтын) ауру, мұнымен кез келген адам ауыруы мүмкін.  Туберкулез — бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Жұқтырудың негізгі көзі — туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

 

Пікір жазу