Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ» АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ «ШЫМКЕНТ ЦЕМЕНТ» ЖШС-Ң ҰЖЫМЫНДА ӨТТІ

«ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ» АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ «ШЫМКЕНТ ЦЕМЕНТ» ЖШС-Ң ҰЖЫМЫНДА ӨТТІ

Шымкентте «Қауіпсіз еңбек жылы» аясындағы кездесулер жалғасуда. Кезекті кездесуді «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов шахардағы ірі кәсіпорындардың бірі — «Шымкент цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымында өткізді.
Сапа, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатына сәйкес, негізгі басым бағыттарының бірі қызметкерлердің қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Шымкент қаласында орналасқан «Шымкентцемент» зауыты 1958 жылы құрылған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 1,3 млн тонна цементті құрайды. Зауытта өндірілетін цемент бүкіл Қазақстан бойынша көптеген ірі объектілерде қажетті өнімге айналған. Зауыт қабырғасында 200-ден аса адам жұмыс жасайды.
Зауыт ұжымымен кездесу барысында қатысушыларға биыл «Қауіпсіз еңбек жылына» орай, еңбек адамының кауіпсіздігі басты назарда екені айтылып, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау және еңбек дауларын алдын-алу, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру сынды түрлі ақпарат айтылды.
Жиында сөз алған Жарқынбек Құрманбек Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік мемлекетке 15 қадамды қамтитын «Кәсіподақтар – әділеттілік үшін!» сайлауалды тұғырнамасының негізгі басымдықтарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Жиын соңында қатысушылар аталмыш шаралардың жиі болып тұруын айтып, алған мағлұматтарына алғыс білдірді.

Пікір жазу