Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНДЕГІ АШЫҚ ТОННЕЛЬ МАМЫР АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ШЫМКЕНТ: АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНДЕГІ АШЫҚ ТОННЕЛЬ МАМЫР АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан үш деңгейлі жолайрық құрылысында жұмыстың 70 пайызы атқарылған.
Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап өткізілген баспасөз туры барысында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев мәлімдеді, деп жазады «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Жобаға сәйкес, жолайрықтың төменгі деңгейінде Арғынбеков көшесінің бойында ашық тоннель салынып жатыр. Басқарма басшысының айтуынша, ол мамыр айында пайдалануға беріледі. Ал, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасады. Қазір 1-ші және 4-ші оң жақ бұрылыстар көлік қозғалысы үшін ашық. Мамыр-маусым айларында 2-ші және 3-ші оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол ашылады. Осылайша жүргізушілер Бәйдібек би даңғылымен де, Арғынбеков көшесімен де жүруіне мүмкіндік пайда болады. Ал, жолайрықтың жоғарғы деңгейінде Бәйдібек би даңғылын бойлай салынып жатқан эстакада қазан айында ашылады деген болжам бар. Құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін толығымен аяқталады. Құрылыс жұмыстарына 35-тен астам техника жұмылдырылған. Құрылыс аумағында 2 ауысыммен 200-ге жуық адам жұмыс істеуде.
Жобаға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Қазіргі таңда, негізгі көпір өткелдерінің темірбетонды конструкциясы 95 пайызға орындалды. Мамыр айының соңында Арғынбеков көшесін, шілде айында Бәйдібек би даңғылы және оң жақ өткелдерін көлік қоғалысын ашу жоспарлануда.
Айта кетейік, жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайрық магистралының ені 80 метрден 4-6 жолақты құрайды.
Мұнан бөлек бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері А-2 жолының қайта құру жұмыстарымен және Д.Қонаев даңғылының бойындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.

Пікір жазу