Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «Қазақтың Данагөй абызы»: Шымкентте жастар арасында дөңгелек үстел өтті

«Қазақтың Данагөй абызы»: Шымкентте жастар арасында дөңгелек үстел өтті

Биылғы жыл еліміздің тарихында ерекше рөл атқарған ұлы тарихи тұлғаларды еске алуға байланысты оқиғалар мен мерейтойларға бай. Биыл Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл.

Төле би – қазақтың мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, Аға жүздің биі, шешен (шешен) және ақын.Қазақ халқының үш ұлы биінің (билерінің) бірі Қазыбек би және Әйтеке бимен бірге «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторлары.

Осыған орай, Шымкент қаласында Ұлы жүздің биі Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толуына орай, жастар арасында «Қазақтың Данагөй абызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған шара Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты №2 бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткізілді. Дөңгелек үстел барысында жастар Ұлы жүздің биі Төле бидің өмірбаяны және шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ, ел арасында Төле биге қатысты тараған нақыл сөздер мен мақал мәтелдер, билік кесімдерімен де таныс болды. Іс-шара барысында Төле бидің даналық жырлары жатқа оқылды.

Сонымен бірге, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Әдет ғұрып және салт-дәстүр орталығына экскурсияға барды. Аталған іс-шараның мақсаты – болашақ жасөспірімдерге қаламыздағы белгілі орындар мен тарихи мекендерді кеңінен насихаттау, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту және ұлттық руханиятты кеңінен насихаттау. Оқушылар экскурсия барысында Әдет ғұрып және салт-дәстүр орталығын аралап, мекеменің жұмысымен танысты. Сонымен қоса, орталықтағы әрбір салт-дәстүрден сыр шертер заттардың шығу тарихымен таныс болды.

Пікір жазу