Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «Отбасы — ұлт тірегі»: Шымкентте жастармен психологиялық кездесу өткізілді

«Отбасы — ұлт тірегі»: Шымкентте жастармен психологиялық кездесу өткізілді

Шымкент қаласында психолог мамандардың ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында көптеп кездесулер өткізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Сондай кездесулердің бірі — «Отбасы — ұлт тірегі» тақырыбында «Samgau» жалпы білім беретін мектебінде өтті. Аталған кездесудің мақсаты — жастарды отбасылық өмірге дайындау және дұрыс бағыт-бағдар беру. Психологиялық жиында жастарға ең алдымен тақырып аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, психологиялық кеңестер айтылды. Сондай-ақ, түрлі терапиялық ойындар ойнатылып, сергіту сәті де ұйымдастырылды.

Соынмен бірге, Шымкент қаласында «Жастардан-жастарға» ақпараттық керуен жобасы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің бітіруші түлектеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағдарламалар жөнінде ақпараттармен таныстыру. Кездесу барысында «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту, 2,5 %-бен берілетін 5 млн-дық несие жөнінде ақпараттар айтылды. Сонымен қоса, жастарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Ал, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Әл-Фараби» академиялық мектебінің оқушылары арасында семинар-тренинг өткізілді. Аталған жобаның мақсаты — қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау. Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру. Іс-шара барысында қатысушы қыздарға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса, түрлі әдістемелік ойындар ойнатылды.

Пікір жазу