Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 241)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – БЕСІНШІ АУДАН

Шымкент қаласында таяуда бесінші аудан құрылады. Бұл туралы қалалық қоғамдық кеңес төралқасының кеңейтілген отырысында талқыланды. Жиынның күн тәртібінде бірнеше мәселе көтерілді. Соның алғашқысы болып баяндама жасаған Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының басшысы Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов қалада құрылатын жаңа аудан туралы мәлімдеді. – Өздеріңізге белгілі, Шымкент қаласының аумағы бүгінде 117 мың гектарды құрап, тұрғындар саны, соңғы халық санағы бойынша, 1 млн 100 ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ КОММУНИКАЦИЯ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің басқарма басшыларына қоғаммен байланыс және дағдарыс кезеңіндегі коммуникация тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Спикер ретінде облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов баяндама жасап, Қазақстан және әлемдегі белгілі тұлғалардың БАҚ тілшілерімен және жұртшылықпен сұхбат барысында жіберген кемшіліктері, елмен кері байланыс жасау бойынша әңгіме өрбітті. — Ақпараттар ағыны секунд сайын жаңарып отыратын XXI ғасырда ...

Толығырақ »

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 4 АУЛА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұл — Әл-Фараби ауданы Ахмет Байтұрсынов көшесі 4 мекенжайындағы жаңадан абаттандырылған көпқабатты тұрғын үй ауласы. Қала әкімі ауланы аралап, атқарылған жұмыстармен танысып шықты. Мұнда соңғы рет 2014-2015 жылдары абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Тұрғындардың ыңғайы үшін әр көп қабатты тұрғын үй ауласына орындықтар, қоқыс жәшіктері, күркелер, тренажерлық кешендер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері қойылды. Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат ...

Толығырақ »

ҚАРАТАУ АУДАНЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов орташа жөндеу жұмыстары аяқталған бірнеше көшені аралады. Соның бірі — Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы — 2,7 шақырым, ал ені — 5 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген. Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшенің ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН БІЛІМ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Биыл Шымкент қаласында 5 мектепте күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Оқу жылы аяқталып, мектептердің ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Сайрам тұрғын алабында орналасқан №107 мектеп 1985 жылы қолданысқа берілген. Бүгінде білім мекемесінің едендері көнеріп, электр жүйелері жарамсыз жағдайға жеткен. Сынып бөлмелерінде санитарлық нормаға сай ауыз суының болмауы да өзекті мәселенің бірі. Ауласындағы асфальті үгітіліп, әбден тозығы жеткен. ...

Толығырақ »

«ШЫРҚАЛ ӘН, ТӨГІЛ ДАУЫС» ТУРНЕСІ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық – коммуникациялық орталығында Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиевтің 70 жылдығына арналған республикалық «Шырқал ән, төгіл дауыс» турнесінің өтуіне байланысты Батыс Қазақстан облысынан келген делегаттар баспасөз брифингін берді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. «Биылғы жылы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, айтыскер ақын, жыршы-термеші, дәстүрлі әнші Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев мерейлі 70 жасқа толып отыр. Осы орайда, Батыс Қазақстан ...

Толығырақ »

«ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ — ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Қала күніне орай «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық жобасының мерекелік іс-шарасы өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен жобаның мерекелік концерттік бағдарламасы Абай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев мұндай жаңа бастамалардың жастарға берері мол екенін, тағылымды жобаларды қолдауға әркез дайын екенін жеткізді. Республикалық жобаның Шымкент қаласы бойынша филиалы биыл наурыз айында құрылған ...

Толығырақ »

Қала аудандарының тазалығы басты назарда

Шымкент қаласының тазалығын тұрақты бақылауда ұстау жөніндегі қала басшысы М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес қала аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестемен орындалып, қарқынды жүргізілуде. Абай ауданы аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары қарқын алды. Бүгінде ауданда мердігер мекеме тарапынан негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде. Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Үшінші мегаполистегі Қала күніне арналған іс-шаралар гала-концертпен қорытындыланды. Әл-Фараби алаңында өткен мерекелік кешті Айгерім Қалаубаева, Ғазизхан Шекербеков, Ләйлә Сұлтанқызы және Нұрсұлтан Құрман жүргізіп отырды. «Құрметті шымкенттіктер, қадірлі достар! Бүгін барлығымыз Шымкент қаласының туған күнін атап өтеміз. Сондықтан, бүгін барлығымыз шымкенттікпіз, жерлеспіз» деген жүргізушілер түрлі қызықты сұрақтар қойып, естеліктер айтып, көпшіліктің көңіл-күйін көтеруге атсалысты. Қорытынды кешке Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗДЫҢ «ЕҢ ТӘТТІ» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Шымкентте қала күні мерекесіне орай екі күнге жалғасатын «Balmuzdaq Fest» фестивалі басталды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған іс-шара Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Оған қаладағы 35 кәсіпкер өтінімін білдірген. Оның ішінде, балмұздақ, салқын сусындар мен тағамдар бар. Қала үшін айтулы күнге орай гастрономиялық туризмді дамытып жүрген кәсіпкерлер балмұздақтардың сан ...

Толығырақ »

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Шымкентте қала күніне арналған кереметтей іс-шараның бірі шаһарымыздың сүйікті демалыс орны Абай саябағында өтіп жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап. Алдын ала іріктеуден өткен  он алты отбасы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтайтын «ОтбасыFest» байқауында бақтарын сынауда. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының қуанышымен бөлісуге келген шаһарымыздың бас ұстазы, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева сайыскерлердің ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ ӨТУДЕ

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Қала күні» мерекесіне орай 17 шағынаудандағы Қ.Жандарбеков аллеясында аудан тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі Еңбекші ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаламыздың экономикасы мен әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосқан кәсіпкерлер, көше, үй комитет төрағаларын жиында алғыс хаттармен марапатталды. Ауданнан сайланған мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері және ...

Толығырақ »

БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУГЕ БЕС ЖҮЗДЕН АСТАМ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласы күніне орай бұқаралық жүгіру, сондай ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қала күніне арналған жалпықалалық бұқаралық жүгіру сайысына 500-ден астам қала тұрғыны қатысты. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы Исахов саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 5 шақырымдық жаппай жүгіру сайысы  Royal фитнес клубының алдынан басталып, Наурыз алаңында қорытындыланды. Саламатты ...

Толығырақ »

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясында Келесте келелі кездесу өтті

Келес ауданының полиция қызметкерлері әкімдік жанында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы төрағасының хатшысы Ж.Махамбеталиева, аналар кеңесінің төрайымы Г.Сарсенова, полиция майоры Э.Есенкулова, полиция майоры С.Абдрахов, психолог С.Мұрат және де «Сәт» телеарнасының қызметкерлері қатысты. Шараға жиналғандар зорлық-зомбылық бойынша өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға үнпарақтар таратылды. Жалпы,  көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ ЗВУЧАЛИ ПЕСНИ ШАМШИ

Сегодня в честь Дня города состоялся концерт, посвященный творчеству композитора Шамши Калдаякова, под названием «Шымкенттің шырайы — Шәмші». В праздничном мероприятии приняли участие аким города Мурат Дуйсенбекович Айтенов, секретарь городского маслихата Бахадыр Мадалиевич Нарымбетов, представители интеллигенции и жители города, передает информационное агентство «didarbek.kz» со ссылкой на пресс – службу акимата. Аким города поздравил собравшихся со знаменательным праздником и вручил десятерым ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ШЫРАЙЫ — ШӘМШІ

Бүгін қала күніне орай «Шымкенттің шырайы – Шәмші» атауымен композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концерт өтті. Мерекелік шараға қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Мәделіұлы Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.   Қала әкімі жиылғандарды атаулы мерекемен құттықтап, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық дамуына зор ...

Толығырақ »

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Ақжайық шағын ауданының орталық көшелерінің біріне, жеңісті жақындатқан жанның бірі Әбіл Спановтың есімі берілді, деп жазады «Ontustik» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz. Айтулы күнде, көше бойына Ұлы Отан соғысының ардарегіне арналып ескерткіш тақтайша орнатқан ет жақындары, елі үшін кеудесін оққа тосқан жан көзі тірі болғанда биыл 100 жасқа толатын еді, деп еске алады. Жастайынан зерек, елгезек ...

Толығырақ »

КӨШЕ СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Қала күніне орай іс-шаралар легі жалғасуда. Кезекті сайыс Қошқар ата демалыс аймағында Street Workout атты көше спорт түрінен өтуде. Онда спортшылар кіл мықтыдан кім мықтыны анықтап жатыр. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жарысты ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мақсұт Пернебайұлы қалада бұқаралық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл іс-шара саламатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты насихаттауды мақсат ...

Толығырақ »

АҚЖАЙЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫНА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қаратау ауданына қарасты Ақжайық шағынауданын инжинерлі-инфрақұрылыммен қамту барысын тексерді. Қазір мұнда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Сметалық жобаға сәйкес, ұзындығы 22,1 шақырым кәріз жүйесі салынып, ол үшін бюджеттен 686,1 млн теңге қаралып отыр. Құрылысы биыл басталған нысанда қазір жұмыстың 10 (2,5шқ) пайызы орындалған. Жұмысты ...

Толығырақ »

Жас қылқалам шеберлерінің байқауы өтті

Қала күніне орай Арбат алаңында «Қайырымды қала құшағында» атты жас қылқалам шеберлерінің байқауы өтті. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауы және Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастырумен өткен байқауда 20-ға жуық қылқалам шебері бақ сынады. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауға қатысушылардың қатары қалың. Көбінде шаһар кітапханаларының жас оқырмандары шақыртылыпты. Байқаудың басты мақсаты- жазғы демалыс барысында балалардың бос уақыттарын тиімді ...

Толығырақ »

«ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ШЫМҚАЛА КЕРУЕНІ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«Шымқала» тарихи- мәдени кешенінде қала күніне орай «Ортағасырлық Шымқала керуені» мерекелік іс шарасы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап. Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына көне Шымкент қаласының тарихын насихаттау, ұмыт болған салт-дәстүрлермен таныстыру, дәуірлер бойынша танымдық ойын-сауық ұйымдастыру, көне шаhардың дәстүрлі базарларын жаңғырту, сондай-ақ, салттық өнер мен сазды қойылымдар арқылы мәдени мұраларды ұлықтауды мақсат еткен. ...

Толығырақ »

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШЫМКЕНТКЕ КЕЛУШІЛЕР КӨБЕЙГЕН

Шымкентте қала күні қарсаңында қалаға келушілер саны көбейген, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қала күні қарсаңында әуе рейстері мен пойыз қатынастарында сатылым билеттерінің саны азайған. Әсіресе, апта соңына қарай, «Шымкент қаласы күнімен» тұспа-тұс келген демалыс күндеріне алдын ала брондау арқылы сатылып жатқан билеттер саны таусылуға шақ. Шымкент әуежайы арқылы қалаға осы апта ішінде 119 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласындағы саябақтар мен гүлзарлар толықтай масаға қарсы залалсызандырылды, деп жазады қала әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасаған didarbek.kz. Атап айтқанда масаға қарсы дәрі бүрку жұмыстарының екінші кезеңі жүзеге асырылды. Жалпы, қалада мұндай залалсыздандыру жұмыстарының 4 кезеңі жоспарланған. Бұған қоса кеміргіштерге қарсы күрес те қатар жүргізілуде. Жауапты мамандар дендросаябақ пен «Қасірет» мемориялы секілді адамдар көп жүретін қоғамдық орындар аумағында залалсыздандыру жұмыстарын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ТАУАРЛАР КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Шымкент қаласында 17-19 маусым күндері «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік байқау-көрмесі өтуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Орталық саябақта қаланың азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс индустриясының 70-тен астам тауар өндірушілері өз экспозицияларын орналастырды. Үздік сапа иесін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер қатысты. Шаһар басшысы ...

Толығырақ »

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

«Балалар жылы» аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан аумағындағы №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қаратау ауданы әкімінің кубогі өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әсемдік, әртістік, техника. Аудан әкімі кубогіне алғаш рет өткізіліп отырған турнирге 8-14 жас аралығындағы 100-ден астам жас спортшылар қатысты. Негізгі идея — осы ...

Толығырақ »