Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ — ТИІМДІ ӘДІС

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ — ТИІМДІ ӘДІС

Сайрам ауданында Қарабұлақ ауылдық округінің шаруа қожалықтары көкөніс егу және өнім алу жағынан көш бастап отырады.
Аталған ауылдағы «Қадиркул ата» шаруа қожалығы соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісін тиімді қолданады. Соның арқасында жыл сайын өнім көлемі артып, өнімдері түрленуде.
Аудан әкімі Ұ.Сәдібеков қарабұлақтық Усманов Мухаммаджан Каримкулович отбасымен бірге жүргізіп отырған шаруашылығымен танысты. 2011 жылдан бастап шаруа қожалығының басшысы көкөніс егу жұмысымен айналысып келеді.
М.Усмановтың ұлы Рустамның айтуынша, шаруа қожалығында екі өнім алынады. Шаруашылықтың жер көлемі 0,40 гектар аумағын құрайды. Жеріне бірінші айналымында картоп егіп, 15 тоннаға жуық өнімге қол жеткізді. Екінші айналымында 0,15 гектарға аскөк және 0,25 гектар қияр егіліп, қазіргі таңда өнімі жинап терілуде. Осы екінші айналымында жалпы 10 тонна көлемінде қияр, 800 кг аскөк өнімдерін жинап алу жоспарлануда. Шаруашылықта 6 адам жұмыспен қамтылған.
Аудан әкімі шаруашылықтың жұмысын қолдап, тиісті басшыларға мемлекеттік қолдаулар бойынша қажетті көмек беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

 

Пікір жазу