Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы 1 қыркүйек күні ел дамуының жақын болашақтағы бағдарында маңызды саналатын халыққа Жолдауын жариялады. Қоғамдағы түйткілді тұстардың негізгілері қамтыды.
Кәсіпкерлік ел экономикасының негізі саналатыны айқын. Президент экономиканың тұрақты өсуіне тікелей әсер 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленетінін айтты. Расында да кәсіпкер не үшін және қанша көлемде салық төлейтіні айқын болса, салықтық ынталандарыру шаралары мықтап қолға алынса, салық төлеуден жалтаратын кәсіпкерлер азаяр еді.
Салық дегенде кәсіп бәрін басынан реттеуді тапсырды. өкілдерін анықтайтын сатып алудың мүлде жаңа қызметтердің сапасы басты назарда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындап, экономиканың нақты секторын дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ,
Жолдауда айтылған бастамалардың ең маңыздыларының бірі – Президент және Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастама. Себебі, Конституцияға енгізілген ауқымды өзгерістер мен толықтырулар биліктің барлық тармақтарын қамтыды. Іс жүзінде барлық мемлекеттік басқару институттарының қалыптасуы мен қызмет атқару қағидалары қайта жазылды деуге болады. Президент, Парламент және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері қайта бөлініп, партиялық және сайлау жүйелерінің жұмыс принцптері өзгерді. Билік тармақтарының бірін-бірі тежеуі мен тепе-теңдікті сақтауының жаңа, нығайған жүйесі қалыптасты. Енді саяси жүйедегі осы өзгерістерді іс жүзінде қолдануға енгізу үшін билік институттарының құрамын сайлау арқылы жаңарту заңды құбылыс.
Жалпы, өзінің өкілеттілік мерзімін қысқарта отырып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөнінде бастама көтеруі Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің мүддесі мен ұлт болашағын өзінің жеке мүддесінен жоғары қоя білетін нағыз саяси қайраткер екенін паш етеді. Әрі бұрындары сайлаудың мерзімі таяп қалған кезде хабарланатын еді. Мұндай жағдай балама саяси күштердің, оппазициялық партиялардың сайлауға дайындалып үлгермей қалуына әкеп соқтыратын. Сайлаудың мерзімін күнібұрын хабарлау арқыл билік өз-өзіне сенімді, әрі қандайда бір саяси фобиядан ада екенін және қоғаммен ашық диалог орнатуға дайын екенін дәлелдеп отыр. Мұның өзі алдағы электоралды компаниялардың мейлінше ашық әрі әділетті өтетінін меңзеп тұрғандай.
Осылайша, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сот жүйесін реформалауға және заң үстемдігін орнатуға қатысты тиянақты дайындалған шешімдер топтамасы мен тың бастамаларды қамтуымен құнды болып отыр. Мұның барлығы елімізде ашық әрі әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадамдар.
[08.09, 16:50] Шадияр Молдабек: Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында ұлт болашағына арналған инвестициялардың жай-күйі мен оның қай бағыттарға жұмсалуы тиіс екенін көрсетіп берді.
Әсіресе, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас мөлшерінде қалдыру, Ұлттық қордың инвестициялық табыстарының 50 пайызын балалардың есепшотына аудару және бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны 1,5 жасқа дейін ұзарту секілді бастамалар халықтың көңілінен шыққаны шүбәсіз. Сондай-ақ, Президенттің жастарға 2,5 пайыздық үстемеақымен жеңілдетілген несие беру, 100 мың жасты жұмыспен қамту және 650 ауылға емдеу мекемелерін салу секілді тапсырмалары да халықтың әл-ауқатын жақсартуға оң ықпал етеді.
Шадияр Молдабек:- Шымкент қалалық ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының мүшесі

Пікір жазу