Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

САЙРАМ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Мәжілісте аудандағы жайылым жерлерді қайтару, 2022-2023 жылғы жылу маусымына дайындық, аудан аумағында тазалық жұмыстарының барысы қаралып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевтың берген баяндамасына сәйкес, аудан бойынша 9,9 мың гектар жайылымдық алқапты ортақ жайылымға беру жоспарланған. Оның ішінде 4,2 мың га жайылымдық жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жолымен, 5,7 мың га аумаққа жайылым иелерімен ауыл тұрғындарының малын жаюға меморандум түзу жолымен. Жоспарды орындау мақсатында жалпы көлемі 6200 га жайылымға жылдың көктем, жаз, күз мезгілдерінде жер учаскелерін қоршамау, ауыл тұрғындарының малын жаюға кедергі жасамау жөнінде жер иелерімен ауылдық округі әкімінің аппараты арасында меморандум түзіліп, жоспар артығымен орындалды. Қайтару бағытында, түсіндіру жұмыстарының нәтижесімен жалпы 41 жер учаскесі – 490,2 га жайылымдық жер қайтарылды. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің тиісті талаптары негізінде аудан тұрғындарын жайылыммен қамту мақсатында аудан әкімдігімен қаулы қабылданып, осы қаулы негізінде жергілікті басылым беттеріне жарияланған соң, 1 апта көлемінде 100,0 га жайылым жер пайдаланушының өз еркімен қайтарылды. Осы бағытта ауылдық округ әкімдері тұрғындарымен жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Екінші кезекте аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Қайрат Арап білім беру мекемелерінің жылыту жүйелері, жылу қазандықтарының жай-күйі және өзге де өзекті мәселелерге тоқталды.
Атап айтқанда, жылу маусымында табиғи газбен 50, сұйық отынмен 3, қатты отынмен 36 мекеме жылытылады. Осы мекемелердің жылыту жүйелеріне қысымдау жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан 2 жалпы орта мектептің қысымдау жұмыстары ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде жүргізілетінін түсіндірді.
Ауданға қарасты 4 мектептің ішіндегі қазандықтары сыртқа шығару және 1 мектептің модульдік қазандыққа ауыстыру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржы көзі қаралып, мемлекеттік сатып алу порталына енгізілген.
Осы мәселеге қосымша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев аудан аумағындағы барлық коммуналдық салалардың жылыту маусымына дайындығы бойынша зерделеу жұмыстары атқарылғанын мәлімдеді. Олар 89 білім беру, 28 мәдениет және кітапхана, 4 спорт, аудандық орталық ауруханаға қарасты 32, «Қарабұлақ» аудандық ауруханасына қарасты 15, жұмыспен қамту саласы бойынша 3 мекеме болса, 70 көпқабатты тұрғын үй.
Бүгінгі таңда аудан бойынша жеке тұрғындарға қажетті 50 мың тонна қатты отынның 30 мың тоннасы, жылыжайларға қажетті 3 мың тонна көмірдің 2 мың тоннасы тасымалданған. «Шұбаркөл» көмір түрін тоннасына 14600 теңге көлемінде ЖК «Каз-ГУРТ» және «CROWN» тасымалдайтын тұйықтары бар.
Күн тәртібіндегі тазалық мәселесін аталған бөлім басшысы хабарлағандай, аудан әкімінің берген тапсырмасының орындалуы бойынша ауылдық округтерінде зерделеу жұмыстары жүргізілген. Аралау барысында анықталған кемшіліктерді жою мақсатында ауылдық округі аумақтарын қоқыстардан тазарту қызметін көрсететін мекемелерінің бекітілген кесте бойынша жұмыстарын қатаң бақылауға алу, үлгіге сәйкес, көп қабатты үйлердің аумақтарына контейнерлер орнату, тазалық жұмыстарына жауапты, алайда бұл жұмыстарға немқұрайлы қараған тиісті ауылдық округі әкімдерінің орынбасарларын жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Жоғарыдағы қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшылары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне аталған кемшіліктерді ретке келтіру үшін 1 апта көлемінде нақты жұмыстарды атқарып, нәтижесін келесі лездемелік мәжілісте баяндауды тапсырды.

Пікір жазу