Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 528)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ЭТНОСТАРДЫҢ БІРЛІГІН ПАШ ЕТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының және облыс аумағында әрекет ететін тілдерді оқыту орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды. «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай биыл өңірдегі этномәдени бірлестіктер тілі мен мәдениеті және салт-дәстүрі күнін берекелі ...

Толығырақ »

63,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТАРЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару мақсатында «Оңтүстік жерлерін ұтымды пайдалану» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында тиісті іс-шаралар жоспары бекітілді және негізгі орындаушылар айқындалды (облыстық жер қатынастары, жер инспекциясы, ауыл шаруашылық басқармалары мен қала және аудан әкімдері). Жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде, жалпы алаңы 63,7 мың гектарды құрайтын 467 ауыл шаруашылық ...

Толығырақ »

«АЛТЫН САҚА» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Бұл фестивальде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Якутия, Алтай, Башқұртстан және Қазақстан Республикасының аниматорлары патриоттық рухты көтеруге арналған 21 фильмді қазылар алқасы назарына ұсынған болатын. Қазылар алқасының шешімімен Алматы қаласының аниматоры Абай Әбілда ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АТАДЫ!

Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылған еңбекші жастар спартакиадасы өз мәресіне жетті! Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Төлеби ауданы Леңгер қаласының орталық стадионында облыстың ірі 9 кәсіпорындарында жұмыс жасайтын жастар командаларының қатысумен «Еңбекші жастар – болашаққа жол бастар!» облыстық спартакиадасы өтті. Мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында дене шынықтыру және ...

Толығырақ »

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛМЕН КҮРЕС

Шымкент көлік прокуратурасы мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы заңсыз жолаушылар тасымалы орын алатын орындар – «Көмеш бұлақ» базары маңы мен «Әскери комиссариат» аялдамаларында «Заңсыз жолаушылар тасымалына жол жоқ» акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты, облыс тұрғындарына, жолаушыларға және заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілерге заңды және заңсыз тасымалдаудың айырмашылығын көрсетіп, тек заңды тасымалдау қызметін пайдалану қажеттілігін ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Астана қаласында өткен «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне облысымыздан қатысқан ерікті жастармен кездесті. Кездесу барысында Ұласбек Сәдібекұлы көрменің жоғары деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосқан ерікті жастарға облыс әкімінің Алғыс хатын табыстап, арнайы сыйлықтармен марапаттады. Көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан жастарға алғысын білдірген Ұласбек Сәдібекұлы әлемдік шараның маңыздылығын да атап өтті. «Жалпы, ЭКСПО ...

Толығырақ »

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Оңтүстік» индустриалды аймаққа жасаған сапары барысында «Шымкент Темір» ЖШС-нің болат құю зауытының құрылысымен танысты. 2018 жылы іске қосылатын өндірістің жалпы құны 4,2 млрд. теңге болып отыр. Жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорын іске қосылғанда 150 азамат жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, әкім заманауи шыны шығаруда шетелден кем түспейтін әрі сәулет құрылысында қолдануға ыңғайлы әйнек ...

Толығырақ »

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫН ЖЕДЕЛДЕТЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Оңтүстік» индустриалды аймақта болып, ондағы бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Облыс әкімі бірінші болып индустриялды аймақтағы шыны ыдыстар шығару ісімен танымал «Еврокристалл» зауытының өнімімен танысты. Ондағы өндірілетін өнімдерді газдалған сусындар мен шырындар, алкогольдік және сүт пен дәрі-дәрмектер шығаратын зауыттар қолданады. Мұнда түрлі қалыпта – 200 мл-ден 3 литрге дейінгі түссіз және жасыл түсті бөтелкелер ...

Толығырақ »

ЧЕХИЯ МЕН ҮНДІСТАН ЕЛІНЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Биыл мақтаралдық «Мырзакент» мақта тазалау зауыты мақта талшығын дайындауда рекордттық көрсеткішке қол жеткізуі мүмкін. Бұл межеге жету үшін кәсіпорынға АҚШ-тың «Люмус Корпорайшн» компаниясынан сатып алып орнатқан қондырғысы көмектеспек. Өңірдегі мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл өндірістің еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары. Атап айтқанда, талшықтың шығуы 30 пайызға артық әрі сапасы жоғары, электр қуатының шығыны 25-30 пайызға үнемделеді және мақтаны өңдеу мерзімі 30 ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПОШТА АРҚЫЛЫ АЛАДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады. Әзірше 66 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тіркеу, баланың туылуы мен күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың ...

Толығырақ »

МАҚТАНЫҢ КЕЛІСІН 165 ТЕҢГЕДЕН ӨТКІЗЕ БАСТАДЫ

Мақтаарал ауданында «Ақ керуен – 2017» мақта терімінің ашылу салтанаты өтті. Мерекелік шарада ақ алтын бағасы анықталып, мақтаны қабылдау бекеттері алғашқы өнімді тоннасын 165 мың теңгеден қабылдай бастады. Жерді өңдеудің жаңа әрі тиімді тәсілін қолданудың нәтижесінде Мақтааралдағы 95 мың гектар жерге себілген шитті мақтадан орташа есеппен гектарына 21-24 центнерден өнім алу көзделіп отыр. Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 15 мың ...

Толығырақ »

ЖЕМ-ШӨП ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫ

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтып, сапасын арттыру және мал шаруашылығын дамыту үшін тың ғылыми жетістіктерді игеру қажеттілігі туындайды. Осы ретте, соңғы жылдары ел арасында аты жиі аталып жүрген «гидропоника» әдісін айтуға болады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазагрогрин» кәсіпорны фермерлерді мал азығымен қамтамасыз етудің инновациялық тәсілін ұсынды. Бұл жерде арпа 1 апта ішінде өсіріледі. Гидропонды мал азығының құрамында жануарларға арналған дәрумендер мен ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕН

Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті. Оның айтуынша, облыста 106 этнос өкілдері тұрады. Сол этнос өкілдерінің басым бөлігіне өз ана тілінде білім алуына мәдениеті мен салт-дәстүрін ұстануға толық жағдай жасалған. «Оңтүстік Қазақстан облысы – ұлттар мен ұлыстардың ең көп шоғырлануымен, ең бастысы олардың тілі, ...

Толығырақ »

Өнерді қуған Хамит!

Оңтүстік – дəстүрі көпке өнеге, мəдениеті өркендеген облыс. Күнгейдің топырағынан қаншама өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, спортшылар, танымал тұлғалар шыққаны баршаға аян. Осы ізбен келе жатқан жастар да көптеп кездеседі. Бойдағы қабілетін, ерекше өнерін көпке көрсете алмай жүргендер де кездеседі… Алайда, өлкеміздегі танылмаған таланттар қатарындағы ең озаты, белсенді жастың бірі деп Хамит Муталиевті айта аламыз. Өнер жолын таңдаған кейіпкеріміз жастайынан түрлі салада өзін ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮНДЕУІ

ҚР Парламенті Мәжілісінде қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа әліпбиінің жобасы таныстырылды. Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі болып саналады. Латын әліпбиіне көшу бүгін ғана айтылып бір күнде қабылданған шешім емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жайында 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының он екінші сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан 2050» Стратегиясында, 2012 жылғы халыққа арнаған Жолдауында айтып, содан бері қоғам қайраткерлері ...

Толығырақ »

ЛАТЫНҒА КӨШУДІ ҚОЛДАЙДЫ!..

Бүгінгі таңда еліміздегі ең өзекті тақырыптың бірі, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі болып отыр. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманың тиімділігі туралы ұсыныстар да кең насихатталуда. Аталмыш тақырып аясында, 18.09.2017 ж. 11.00-де ОҚО «Азаматтық альянсы» ассоциациясының қабырғасында «Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиіне көшуді қолдайды» тақырыбында ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ТІЛІ – ӘЛЕМ ТІЛІ

Қай заманда болмасын, мемлекеттің дамуы белгілі бір рухани немесе материалды өзгеріске итермелейді. Себебі, елдің ілгері жылжуында қажетті шешімдер, саяси, экономикалық және қауіпсіздік мәселелері осы жағдайды туындатады. Бүгінде латын әліппесіне өту әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тіпті үкімет назарына ұсынылған әліппенің әріптері дау туғызуда. Осы төңіректе тарихты қарайтын болсақ, латын әліппесінің әлем әліппесіне айналғанына көзіңіз жетеді. Латын әліпбиі б.з.б 7 ғасырда Римде ...

Толығырақ »

ІРГЕЛІ ІС

Әліпбиді айырбастау – іргелі іс, тарихи шешім. Егер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла жұмыс жасайтын болсақ, бұл ісіміздің игілігін, бұл тарихи шешімнің жемісін халқымыз ғасырлар бойы көре беретін болады. Ең бастысы, келешек ұрпақтарымыз ұлтты әлемдік өркениеттің сара жолына салып берген елге, туған халқына алғысын айтатындай болуы қажет. Латын әліпбиіне көшу – әліпби мен жазбаның ауысуы ғана емес, ...

Толығырақ »

ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ

Еліміздегі әрбір отбасын, қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді рухани қуат, жасампаздық үрдіс, мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде жұмылдыруға, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жас ұрпаққа үйретіп, ана тілінде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдыруға, озық тәжірибелерді насихаттауға бағытталған «Ана тілі және отбасы» байқауы көпшіліктің көңілінен шықты ...

Толығырақ »

ЖАНАШЫРЛАРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ

Ана тілі – халықтың жан дүниесінің айнасы, өсіп-өнуіне нәр беретін түптамыры, қолдаушысы барда мәңгі құламайтын бәйтерегі. Арынды өзен бұлақтан бастау алатыны тәрізді, ана тілге деген сүйіспеншілік, құрмет балғын шақтан қалыптасады. Ана сүтімен бірге ана тілдің қадір-қасиетін бойға сіңіріп өскен ұрпақ ел қамын ойлайтын ұлтжанды перзент болып жетілетіні хақ. Өйткені, бүлдіршін халқының мәдени-рухани болмысын ана тілі арқылы ғана танып, біледі. Осы ...

Толығырақ »

20 мыңнан аса тіл үйренуші

2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша Шымкент қаласындағы 902 300 тұрғынның 643 500-і ересек азаматтар. Оның ішінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың саны 581 042 адам (90,3), орыс тілін меңгерген ересек тұрғындар саны 528 960 (82,2) ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар саны 211 100 адам (23,4). Орталық қаладағы барлық мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен, коммерциялық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Қызметімізден жұртшылықты кеңінен хабардар ...

Толығырақ »

«ҰЯТЫҢ БОП ТҰР БЕТТЕ»

Мемлекет басшысы «Қазақ тілі туралы айтқанда істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, өзін қамшылауы тиіс» деген болатын. Мемлекеттік тілдің тағдыры тек мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның, қоғамды құраушы әрбір жеке адамның күш-жігерімен, қажеттілігімен айқындалады. Қазақ тілі – балабақша, мектеп, орта, жоғары оқу орындарында жалпыға бірдей міндетті білім беру талаптарына сай оқытылып, ...

Толығырақ »

ТІЛ – ИДЕОЛОГИЯ ТҰҒЫРЫ

Кез келген елдің өзіндік орнын айқындайтын дара жолы болады. Ол мемлекеттің даму үдерісін айшықтап, барша азаматтар үшін ортақ құндылықтарды белгілейді. Оны идеология деп айтамыз. Тіл – сол идеологияның негізгі тұғырларының бірі деуге болады. Тіл жөнінде халқымызда небір орамды ойлар мен қанатты тіркестер бар. Оны адамзат үшін ең қастерлі тұлға – анаға теңейміз, ұлт уызына балаймыз, барша халқымызды біріктіруші құрал деп ...

Толығырақ »

ГРАНТТЫҢ 50 ПАЙЫЗЫН ОҚО ИЕЛЕНГЕН

Соңғы үш жылда «Серпін – 2050» бағдарламасымен бөлінген 11 296 гранттың 5516-сын яғни 50 пайызын Оңтүстік Қазақстан облысының жастары иемденген. Десек те, жобаға қатысуға ниетті жастардың саны жылдан-жылға артып келеді. Осыған байланысты жобаға бөлінетін грант санын кемінде 5 мыңға көбейту көзделіп отыр. Бүгін бұл туралы облыс әкімі Ж. Түймебаевтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Балмаржан ...

Толығырақ »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан мен Өзбекстанның ғасырдан бері жалғасқан достық қарым-қатынасы жанданған іскерлік жиында ОҚО кәсіпкерлері мен өзбекстандық бизнесмендер арасында сауда-экономикалық туралы 7 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Сондай-ақ, Қазақстан бойынша құны 1,2 млрд АҚШ долларын құрайтын бірнеше келісімдер түзілді. Сондай тиімді келісімдердің біріне еліміздегі 200-ден астам дәрі-дәрмек шығарумен айналысатын «Химфарм» акционерлік қоғамы қол жеткізді. Елдегі осы саладағы жетекші кәсіпорын бұған дейін көрші Қырғызстан Әзербайжан, ...

Толығырақ »